НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. ҚР Терроризмге қарсы орталығы хабарлауынша, 8-9 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қалалары әуежайларының анықтама қызметтері мен электрондық мекенжайларына белгісіз тұлғалардан «Минск-Нұр-Сұлтан» рейсімен келе жатқан ұшақтың бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен, деп Хабар24 агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Оқиға орнына алғашқы әрекет ету күштері жіберілді. Бортты тексеру […]