Могадишо. 30 шілде. Сомали астанасы Могадишода лаңкестердің әректінен 6 адам қаза тапты. 13-і жараланған. Содырлар полиция бөлімшесінің жанында жарылғыш қойылған көлікті жарып жіберген. Шабуылды жанкешті жүзеге асырған деген күдік бар. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қаза тапқандар мен жарақат алғандардың көбі бейбіт тұрғындар. Қазір оқиға орны қоршалып, тергеу жүріп жатыр. Шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. […]