НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерімен оқу-жаттығуларға қатысу үшін Ресей Федерациясына барды, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқу-жаттығудың ашылуы рәсімі 8 қарашада Қазандағы Жуков Қызыл ту ордені жоғары командалық танк училищесінің полигонында өтеді. Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жүргізуде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің […]