Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда синтетикалық есірткі тасымалдау каналы әшкереленді

    АЛМАТЫ, 22 қараша. Алматы полициясы синтетикалық есірткі тасымалдау каналын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық топты 33 жастағы Түрксіб ауданының тұрғыны басқарған. «Ұсталмас бұрын күдікті өзінің танысына 1 сіріңкенің қорабы көлеміндей «альфа-PVP» психотропты затын 40 мың теңгеге сатып жіберген. Осы мәміледен соң ол ұсталды. Арнайы операция Боралдай көшесінде болды. Одан әрі тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілді. Нәтижесінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда билбордтардағы есірткінің жарнамасы: полиция тапсырыс берушіні тапты

    АЛМАТЫ, 20 қараша. Алматы қалалық полиция департаменті көшеде ілулі тұрған билбордтардағы есірткі жарнамаларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл факті Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өз назарына алды. Бұл, әрине барып тұрған бассыздық, сондықтан құқық қорғау органдарының ерекше назарына алынып, шұғыл әрекетті талап етеді. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізіліп, бұл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Депутаттар есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін жазаны күшейтуді ұсынды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Депутаттар ғимараттарда және қоршауларда есірткі жарнамалайтын және насихаттағандарға жазаны күшейтуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Марат Мұратұлы (Ахметжанов — бас прокурордың орынбасары), елімізде есірткі заттарын жарнамалап, насихаттаумен айналысатындар көп. Қолданыстағы заңнаманы қарау барысында әріптестеріміз осы санаттағы қылмыскерлердің жазасына қатысты өзгертулер енгізуді ұсынды. Біздің ойымызша, заңсыз жарнама мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу — […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да синтетикалық есірткі саудалап келген 50 жастағы тұрғын ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 18 қараша.  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының 50 жастағы тұрғыны «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Аққайың ауданының орталығы Смирновтың 50 жастағы тұрғынын «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұстады. Полицейлерге оның «спайс» психобелсенді есірткі затын сатумен айналысатыны туралы оперативті ақпарат түскен. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таиландта қоймалардың бірінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Таиланд полициясы Бангкоктағы қоймалардың бірінен 176 келі кристалды метамфетамин тәркіледі, деп хабарлайды 24.kz. Есірткінің жартысы жүгіру жолына арналған қосалқы бөлшекке жасырылған екен. Тең жартысы қоймадағы ағаш жәшіктерге салынған. Полицияның ақпарына сай, бір адам қамауға алынған. Сондай-ақ есірткі сатпақ болған топты анықтау үшін тергеу амалдары басталып кетті. Айта кетейік, Мьянмада дайындалған кристалды метамфетаминдер дәл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК контрабандалық есірткі арнасын жойды

    АЛМАТЫ, 14 қараша. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошталық жөнелтілімдер арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған есірткі тобы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Сонымен, 2019 жылғы 6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка алумен Қазақстан Республикасына […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келі кокаин шығып қалған

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Осы айда Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келіден астам кокаин жағаға шығып қалған, деп  BBC сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  Есірткілер батыс Нантада Ланды департаментінен оңтүстікке қарай Луара өзенінің сағасына дейінгі аралықта жағажайдан табылған. Бордоға жақын жердегі Жирондада бірнеше жағажай жабылды. Табылған есірткі заттары шамамен 60 млн еуроны құрайды. Ренн прокуроры Филипп […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтаулық полицейлер марихуана салынған бөшкені тапты

    АҚТАУ, 09 қараша. Ақтау полицейлері тінту кезінде марихуана салынған бөшкені тауып алды, деп Zakon.kz-ке сілтеме жасап Baq.kz  хабарлады. Маңғыстау облыстық полиция департаменті есірткі алынып, осы факті бойынша күдікті ұсталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері өндіріс базасына тінту жүргізу кезінде ішіне «марихуана» есірткі заты салынған 200 литрлік металл бөшкені тапқан. Бөшкеде 71 келіден астам есірткі болған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда есірткі саудасын насихаттаған 700-ге жуық граффити-жазу өшірілді

    ТАРАЗ, 08 қараша. Тараз қаласында арнайы акция аясында 700-ге жуық граффити-жазулар жойылып, онымен айналысқан алты адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Тараз — Жасыл ел» және «Жас Сарбаз» мекемелерінің өкілдерін қатыстыра отырып, облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткі сатуға қатысты сайттарды жарнамалайтын граффити-жазуларды алып […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да синтетикалық есірткілерді өндіретін зертхана жойылды

    ПЕТРОПАВЛ, 07 қараша. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісі анықталды, деп ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды  . «Солтүстік Қазақстан облысында, қала маңындағы елді мекенде «спайс» деп аталатын синтетикалық препараттар шығарылатын және сатуға дайындалған зертхана анықталды. Синтетикалық есірткі өндірісін жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған. Ол есірткі затының концентратын сатып алған, шөптермен араластырып оны дайындаған, […]
    • 5 Years ago
    • 0