ТҮРКІСТАН, 16 шілде. Түркістан облысының полицейлері автокөлік салонынан бір келіден астам марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Төлеби ауданы тұрғынының басқаруындағы “Лада Приора” маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер күдікті автокөлігінің салонын тінту кезінде, өзіне тән хош иісі бар екі полиэтилен пакеттегі есірткі затын анықтады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Сот-криминалистикалық сараптамасына […]