АСТАНА, 18 қараша. Нигерияның Плато уәлаятындағы қарулы шабуылда 18 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нигерияның Плато уәлаятының Майкатако аймағында мотоцикл мінген қарулы адамдар шабуыл жасады. Шабуылда 18 адам қаза тауып, көп адам жараланды. Полицияның қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы Альфред Алабо мәлімдеме жасап, жарақат алғандардың ауруханаға жеткізілгенін […]