ПЕТРОПАВЛ, 24 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында террористік шабуылға қорғанысы осал объектілер тексеріліп, оның қорытындысы бойынша 156 ұйғарым берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде террористік шабуыл тұрғысынан осал 600-дей нысан бар. Жыл басынан олардың 506-сы тексерілді. Заңнаманы тиісті деңгейде орындамаған 24 объектінің жетекшісі әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төледі. «Террористік тұрғыдан осал […]