НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан. Перу полициясы 5 тоннаға жуық есірткі тәркіледі, деп Хабар24 хабарлайды. Тәркіленген заттың 3 тоннасы марихуана, қалғаны кокаин. Зиянды зат ел бойынша жүргізілген арнайы операция кезінде Куско аймағындағы джунгли орманынан табылған. Бірнеше қапқа салынған есірткі ел астанасы Лимаға әкелініп, көпшілікке көрсетілді. Полиция тәркіленген партияның заңсыз нарықтағы құны 200 миллион доллардан асатынын айтады. Біріккен Ұлттар […]