Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • СҚО-да діни мазмұндағы материалдар таратқан ер адам жарты млн теңге айыппұл төледі

    ПЕТРОПАВЛ, 22 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан діни заңнаманы бұзудың 23 дерегі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған деректердің басым бөлігі діни мазмұндағы материалдарды таратумен және сатумен байланысты. Петропавлдың 56 жастағы тұрғыны 500 мыңнан астам теңге айыппұл төледі. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Желіде экстремистік аудиожазбалар таратқаны үшін Петропавл қаласының тұрғынына айыппұл салынды

    ПЕТРОПАВЛ, 06 желтоқсан. Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған аудиожазбаларды таратты деп ұсталды, деп kazislam.kz хабарлайды. Әйел экстремистік сипаттағы материалдарды таратқаны үшін айыппұл төлеуі керек. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни мазмұндағы аудиофайлдарды тапты. Дінтану сараптамасы анықтағандай, жазбада насихатталған кітаптарға тыйым […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Петропавлда діни материалдарды таратқан тұрғынға жаза тағайындалды

    ПЕТРОПАВЛ, 15 қараша. Солтүстік Қазақстан облысында діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 30 жастағы тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі статусына діни сипаттағы фотосуреттерді жиі қойып отырған. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің «ҚР діни […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Петропавл полицейлерімен 60 кг жуық марихуананы жойылды

    ПЕТРОПАВЛ, 14 қараша. Петропавлда полицейлер «Қарасора» операциясы аясында заңсыз айналымнан алған 59 кг марихуана жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің кезекті партиясын өртеді. Қазан айының соңында «Қарасора» операциясы аясында Петропавлда 59 келіден астам марихуана тәркіленді. Қала көшелерінің бірінде Toyota Mark II автокөлігі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Карасора-2020» операциясы барысында СҚО полицейлері 60 келіге жуық марихуананы тәркіледі

    ПЕТРОПАВЛ, 30 қазан. Петропавлда тәртіп сақшылары көшеде тоқтатылған көліктен 60 келіге жуық марихуана тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде мамыр айынан бастап «Қарасора» іс-шарасы өтіп жатыр. Петропавлда операция аясында полицейлер Қизатов-Хименко көшелерінің қиылысында 44 жастағы жүргізуші басқарған «Toyota Mark 2» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің қасында 50 жастағы жолаушы болған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Синтетикалық есірткі сатқан Петропавл тұрғыны 12 жылға сотталды

    ПЕТРОПАВЛ, 16 қазан. Петропавлда синтетикалық есірткіні сақтап, сатып және жарнамалағаны үшін қала тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны наурыз айында ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған оның «Telegram» мессенджері арқылы жұмыс істеген анықталды. Онлайн-ресурстың 3,5 мың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 31 жастағы Петропавл тұрғынынан 50 келіден астам марихуана табылды

    ПЕТРОПАВЛ, 15 шілде. Полицейлер 31 жастағы петропавлдықтың көлікжайынан 50 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Оның үйінен аса ірі көлемдегі марихуана алынды. СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына 31 жастағы облыс орталығы тұрғынының есірткі заттарын таратуға қатысы бар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 18 жастағы Петропавл тұрғынынан 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі табылды

    ПЕТРОПАВЛ, 09 шілде. Петропавл тұрғынынан 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есіркі қылмысын жасады деген күдікке Петропавл қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен ілікті. Полицейлер қала тұрғынынан 40 грамға жуық мефедрон синтетикалық есірткісін алды. Әсері күшті әрі аса қауіпті дизайнерлік есірткілердің бірі Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет анықталып отыр. «Сотқа дейінгі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Петропавл қаласының тұрғыны желіде заңсыз діни материал таратқан

    ПЕТРОПАВЛ, 01 шілде. СҚО полицейлері мониторинг барысында діни материалдарды заңсыз таратудың жолын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Діни заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру Солтүстік Қазақстан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері жеті құқық бұзушылық анықталды. “YouTube” видеохостингіне мониторинг жүргізу барысында діни сипаттағы бейнематериалдарды тарату фактісі анықталды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • “СҚО есірткіге қарсы” — есірткі граффитиінің саны азайды

    ПЕТРОПАВЛ, 09 сәуір. Петропавлда есірткі граффитиінің саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Синтетикалық есірткілерді сату жүзеге асырылатын веб-ресурстардың сілтемелері бар жазулар петропавлдық үйлердің қабырғаларында сирей бастады. Бұған жазаның қатаңдатылуы, жауапты азаматтардың белсенді ұстанымы мен СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасы қызметкерлері ойластырған есірткі граффитиге қарсы күрес механизмі себеп болды. Ұзақ уақыт бойы қауіпті жазулардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 3 of 5«12345 »