НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек. Жаңа Зеландияның Аукланд қаласында бір супермаркетте бір кісі кемінде алты адамды пышақтады. Артынан оны полиция атып өлтірді, деп TRT хабарлайды. Премьер-министр Джасинда Ардерн оқиғаны бақылаудағы бір Шри-Ланка азаматының «террорлық лаңкестігі» деп атады. Ардерн полицияның шабуылдаушыны өлтіргенін айтып, бұл кісінің 2011 жылы елге келгенін, 2016 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік тарапынан жақын қадағалауда болғанын білдірді. […]