Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ирак Сирияның «Әл-Хол» лагерінен өз азаматтарының жаңа репатриациясын дайындауда

    НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Ирак қауіпсіздік қызметінің делегациясы босқындардың жаңа партиясын елге қайтаруға дайындық мақсатында Сирияның солтүстік-шығысындағы Әл-Хол лагеріне барды, деп  KURDISTAN.RU сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Лагерь әкімшілігімен ақылдаса отырып, «Әл-Холға» келген делегация «ирактық босқындармен кездесіп, жақын күндері Иракқа оралу үшін жаңа отбасыларды тіркеуге кірісті», — деп хабарлады «Сириялық құқық қорғаушы  […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан мен АҚШ қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. Өзбекстан қорғаныс министрі Баходір Құрбанов пен Америка Құрама Штаттары Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Майкл Курилла дүйсенбі күні Орталық Азиядағы (ОА) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады, деп республика Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Кездесу барысында өзбек-американ […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сот ИМ қатарына қосылған ресейлік әйелді сәуір айының ортасына дейін қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Мәскеудің Пресненск соты «Ислам мемлекеті»* лаңкестік тобының қызметіне қатысты деп айыпталған ресейлік азаматша Наталья Ткачеваны бір айға тергеу изоляторына қамады, деп ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қамауға алынғанға әйелге тағы бір террористік бап — қарулы құрылымға қатысу бойынша айып тағылды.  «Мәскеу қаласының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда Сирияға кетуді жоспарлаған шетелдіктер ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз. Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Сириядағы соғыс аймағына кетпек болған Орталық Азия елдерінің бірінің азаматтары ұсталды,  деп Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды. Күдіктілер Жалал-Абадта ұсталды. Олар бұрын лаңкестік әрекеті үшін сотталған жергілікті тұрғынның үйінде […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ерлан Қарин: Терроризм бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қантар. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, кейбір өңірлерде терроризмге қарсы операция жоғары деңгейде жалғаса береді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды ISLAM.KZ. Оның айтуынша, радикалдық топтар еліміздегі лаңкестік әрекеттерді өз пайдаларына асырмақ болған. «Арнайы жасақ әлі де жұмыс істеп жатыр. 20 желтоқсанда шетелдік топтардың елімізге келгені белгілі болды. Олар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • «Жусан» арнайы операциясы: адасқан жандардың оралуы

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша.Сирия. Дэйр-эз-Зор провинциясы. Ефрат жағасындағы Багуз қаласы. Тығырыққа тірелген ДАИШ содырлары әйелдерімен және бала-шағаларымен осы жерде жиналған. Әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған адамдар. Кеше ғана «жиһадқа» шақырып жүрген «Халифат» серкелері, негізінен арабтар, бұларды өлімге тастап қашып кеткен. Күрд ерікті жасақшылары батыстық авиацияның қолдауымен қаланың айналасындағы қыспақты біртіндеп тарылтып келеді. Міне, бірнеше жыл бұрын […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нағыз тозаққа түсетіндерін ойламаған еді — қазақстандық радикалдардың әйелдерін елге қайтару операциясы

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Қордайдағы суық әрі лайлы шағын өзенді Айман өмірінің соңына дейін есте сақтайды. Ол басқа әйелдермен бірге түн ішінде қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтуі керек еді. Бойын қорқыныш биледі. Суық судан тоңып барады. Мына әлемді бір сәтке ұмытып, ақыл-есін тұман басқандай болды. Бәрін еріксіз түрде істей бастады. Ол балаларды қолына алды. Жазира дірілдеп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Үндістанда теміржолдағы жарылыс салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Үндістанда 20 қараша күні таңертең теміржолдағы жарылыс салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.  Оқиға сенбі күні таңертең Дханбад ауданында болған. Үндістан темір жолы шахтаның жарылыс орын алды деп мәлімдеді. Салдарынан темір жолға да зақым келген. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Теміржол басшылығының айтуынша, оқиғаға […]
    • 2 Years ago
    • 0
  •  84 мыңнан астам қазақстандық азаматтар әлеуметтік желідегі радикалды топтардан шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек. Бірінші жартыжылдықта 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі радикалды топтардан шығарылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бірінші жартыжылдықта әлеуметтік желілерде деструктивті топтарда тіркелген 84 мыңнан астам отандасымызды осы топтардан шығарып алдық. Бұл – үлкен көрсеткіш. Сол топтарға біліп немесе […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Берлинде солшыл радикалдармен болған қақтығыста 60 полиция қызметкері зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым.  Фридрихсхайн аймағында солшыл радикалдармен болған қақтығыстар кезінде 60 полиция қызметкері әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы DPA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп ТҚК РҚБ ресми сайты жазады. Тәртіпсіздік Ригаер-штрассе көшесінде басталды. Сол жерде түрлі солшыл бірлестіктердің өкілдері тұратын иесіз қалған тұрғын үй бар. Бірнеше жылдан бері билік өкілдері оны таратып қоныстандыруға […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 1 of 3123 »