Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: «Джебхат ан-Нусраның» мыңнан астам лаңкестері Ливанан шығарылды

    Бейрут, 3 тамыз. «Джебхат ан-Нусра» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) ұйымының террористерін Ливан-Сирия шекарасында орналасқан Эрсаль жерді мекенінен шығарып салу сейсенбі күні аяқталды. Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, 1116 лаңкес сонымен қоса туыстарымен (барлығы 7,8 мың адам) Сирия жерінде орналасқан Флита елді мекеніне көшірілді, ол жерден олар Идлиб жеріне көшті. Жуырдағы 48 сағат ішінде «Сарая ахль аш-Шам» тобының қарулы оппозиционерлерін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда «Сирияға кетпек болған» ер адам ұсталды

    Бішкек. 31 шілде. Қырғызстанда милиция қызметкерлері Сирияда соғыс жүріп жатқан аймаққа кетпекші болған 34 жастағы азаматты ұстаған. Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, шілде айында Шу облысы ішкі істер басқармасының қызметкерлері заңсыз қару-жарақ және экстремистік пиғылдағы материалдарды сақтады деген күдіктіні қолға түсірген. Хабарға қарағанда, күдікті Сирияға кетуге дайындалған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымында болған әйелдер халифат қатарына неге қосылғандарын айтып берді

    Дамаск. 27 шілде. BBC ақпараттық агенттігі Сирияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарында болып, кейіннен жихадшылардың қолынан қашып құтылған әйелдер туралы репортаж дайындады. Алғаш рет камера алдында халифат қатарына неге қосылғандарын бүкпесіз баяндаған әйелдер әлі де террористердің жанында өмір сүріп жатқандарға, «бұл әрекет сендерді уәде етілген жұмаққа апармайды» деген үндеу жолдады. Бұл әйелдер әлемнің әртүрлі бұрышынан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сириядағы соғыс зардабынан 330 мың адамның өмірі қиылды

    Дамаск. 18 шілде. Сирияның адам құқықтары жөніндегі бақылау кеңесінің мәліметінше, 2011 жылдан ағымдағы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп қорытындысы бойынша елдегі соғыс 331 мың 765 адамның өмірін қиған. Асқан зорлықпен көз жұмған құрбандардың 99 мың 617-сі — қарапайым тұрғындар. Сириядағы соғыстың зардабынан өлім құшқан балалардың саны 18 мың 243-ді құрайды. Құқық қорғау органы қызметкерлері […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ДАИШ жаңа лидерінің суретін жариялады

    Астана. 17 шілде. Al Arabiya телеарнасы ДАИШ террористік ұйымының жаңа басшысы делінген ер адамның суретін жариялады, — деп хабарлайды «Звезда». Таяу Шығыс БАҚ-тарының мәліметінше, Жалалудин әл-Туниси бұрынғы лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің өлімінен кейін ұйымға жаңа басшы болып келеді. Жаңа басшы делінген ер адамның шын аты — Мухаммед Бен Сәлем әл-Ауни, ол Тунисте 1982 жылы дүниеге […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • БАҚ: лаңкестер ИМ басшысының қайтыс болғанын мәлімдеді

    Найнава, 11 шілде. ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының лаңкестері ұйымның басшысы Абу Бакра әль-Багдадидің өлімі туралы хабарлады. Бұл туралы «Ас-Сумария» телеарнасы хабарлайды. Олардың ақпаратына сәйкес,ИМ террористік ұйымының лаңкестері қысқа Абу Бакра әль-Багдадидің өлімі туралы, сонымен қоса таяу уақытта жаңа басшысының атын атайтындары туралы сөз сөйледі. Бұған дейін Ирандық БАҚ әль-Багдадидің өлімін растайтын бейнефото таратқан болатын. Маусым айының ортасында ҚР […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ракканың ескі қаласында SDF лаңкестердің қорғанысын бұзды

    Ракка, 4 шілде. «Сириялық демократиялық күштері» (SDF) АҚШ коалициясының қолдауымен Ракканың ескі қаласында лаңкестердің қорғанысын бұзды, деп хабарлайды Рейтер коалицияға сілтеме жасап. Агентіктің хабарлауынша, шабуыл Рафика қабырғасының екі секциясы бойынша жүргізілген. Ракка 2013 жылдан бері ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының бақылауында. Дереккөз: РИА Новости
    • 7 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Дамаск қаласының орталғында болған жарылыс құрбандарының саны 18 адамға жетті

    Дамаск, 3 шілде. Дамаскідегі Тахрир орталығында болған жарылыс салдарынан 18 адам мерт болып, он шақтысы жараланды. Бұл туралы Сирия орталғындағы медициналық орталықтар хабарлады. Қайтыс болғандардың арасында жеті полиция қызметкері, және бірнеше беймәлім денелер. Республика ІІМ бұл террористік әркетке ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының лаңкестерінің қатысы бар деген күдік келтіруде. Осы жылдың наурыз айынында Дамаск қаласында […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ИЛИМ лаңкестік ұйымы «Жұмақ төлқұжаттарын» таратып жатыр

    Ракка. 28 маусым. ИЛИМ лаңкестік ұйымы өз содырларына «Жұмақ төлқұжаттарын» тарата бастады деп хабарлайды Iran Front Page ақпарат көзі. ИЛИМ  таратып жатқан «Жұмақ төлқұжаттары» жақында ғана лаңкестер иелігінен азат етілген Ракка қаласынан көптеп табылған. ИЛИМ лаңкестік ұйымы «Жұмақ төлқұжатын» тек өз-өзін жарып жіберетін адамдарға берген. Төлқұжатта адамның аты-жөні, тегі ешнәрсесі жазылмаған тек, араб тілінде аспан мен […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ермекбаев: Сирияға кеткендердің 90%-ы опық жеп, істеген ісіне өкінеді

    Астана, 21 маусым. Сирияға кеткендердің 90%-ы осы әрекеті үшін өкінеді. Бұл туралы ҚР Дін  істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты. Министр Сирияға кеткендердің мәселесі ведомствоның құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Өйткені олардың көбісінің кету себебі діни сенім-наныммен байланысты емес. «Бұл адамдар исламның құндылықтарын дұрыс түсінбейді. Елімізде діндарларға барлық жағдай жасалған. […]
    • 8 Years ago
    • 0
Бет 27 of 28« Бiрiншi...1020«2425262728 »