Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сириядан оралған қазақ қызы: Ішерге тамақ болмай, қайыр тілеп кеттік

    НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. «Жусан» операциясы бойынша Қазақстанға оралған оралдық қыз Сирияда өмір сүрген кездегі бастан өткерген жантүршігерлік жағдай туралы айтты. Соғыс аумағында әбден қиналған отандасымыз ақыр аяғы үй-үйді аралап, қайыр тілеп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.  «ДАИШ баскесерлерінен тұратын снайперлер үшін біз сияқты шетелдіктердің құмырсқа құрлы құны жоқ. Олар балаларды да, әйелдерді де шетінен ататын. Кейде балалар минаның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған маңғыстаулық: «Ол жақтағы күндерді еске алғым келмейді»

    АҚТАУ, 13 тамыз. Маңғыстаулық Әсем Тәжекеева Сирияға қалай кеткенін және онда қандай қиындықтарға тап болғанын, Шам еліне жасаған қадамын қателік деп біліп, өкінетінін айтты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Өмірінің 2 жарым жылын Сирияда сергелдеңмен өткізген келіншектің өзгелерден айырмашылығы – содырлардың ойыншығына айналмағаны. Құдай айдап, жолдасы мен балалары жанында болған. Алайда, соғыс олардың жанын алмаса […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған әйелдер отандастарына үндеу жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Шамдағы шырғалаң. Сириядан оралған біртоп келіншек отандастарына үндеу жолдады. Сұм соғыстың ортасынан қашып шыққан олар енді өзге бауырларының жазықсыз жапа шеккенін қаламай отыр. Бірі жолдасынан, енді бірі бауыр еті баласынан айырылған нәзік жандар әлдекімнің арбауына түсіп қалмауларыңызды ескертеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Сириядан оралған келіншектің әңгімесі: «Ол жерде соғыс болған жоқ. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған әйелдер небір сұмдықты бастан кешіргенін айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде.  Sputnik. Күйеуінің соңынан Сирияға кеткен қазақстандық әйелдер шайқас алаңына қалай тап болғанын, сондай-ақ жат жерде бастан өткерген қиындықтары жайлы әңгімелеп берді. Бұл туралы sputniknews.kz  жазады.  Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғыны Гүлжан әскери ұрыстар аумағына 2016 жылы отбасымен бірге барған. Бұған дейін отбасы Қазақстанда тұрып, кейін Түркияға жол тартады, деп хабарлады Otyrar.kz. Әйелдің айтуынша, оның күйеуі теріс […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Тамұқтан» оралған қыз

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Небары 25 жастағы Балжан – тозақтың ортасынан оралған адам. Сирия жерінен бір емес, екі баласын өмірге әкелген Балжан енді үшінші сәбиін күтіп жүр. «Бүлдіршінімді өз елімде өмірге әкелетініме қуанамын. Мен үшін Алланың ең ұлық сыйы – осы» дейді Балжан көзіне жас алып… «Жусан-2» операциясы аясында елге оралған Балжан қанды қасап ортасында өткерген бес […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Шөп жұлып жедік»: Сириядан оралған келіншектің әңгімесі

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. 21 жасында күйеуіне еріп, Сирия асып кеткен ақтөбелік келіншек ол жақтағы ауыр күндері туралы айтып берді. Табаны туған жердің топырағына төрт жылдан кейін тиген ананың екі баласы да соғыс даласында дүниеге келген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ . Мектепте үздік оқушылардың қатарында болған Қаракөз (ред. есімі өзгертілген) қара ниеттілердің шырмауына іліккен. Адасып, басын тауға да, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Абаев: Сириядан 524 қазақстандық оралды, оның 357-сі — балалар

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде Сириядан оралған қазақстандықтардың қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  Министр Қазақстанда бейбітшілік, келісім және бірлікте 18 конфессия өкілдері өмір сүретінін айтып, министрліктің екі негізгі бағытқа ерекше мән беретінін атап өтті. «Біріншісі – мемлекеттік ұйымдастыруда зайырлы қағидаттарды нығайту, екіншісі – діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған әйел ДАИШ-ке қосылғанына өкінеді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. «Жусан-2» арнайы операциясы кезінде Қазақстанның арнайы қызметі елге жеткізген келіншек Сириядағы ДАИШ тобының («Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы) қол астында болған алты жылы туралы ойламауға тырысады. Үлкені биыл алты жасқа толатын екі ұлдың анасын төркін жұрты қуана қарсы алған.Бұл туралы «Азаттық» радиосы сайтында хабарланған. Зарина (есімі өзгертілген – ред.) мамырдың 28-інен бері өзі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан азаматтарын Сириядан қайтару операциясы жалғасады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Таяу Шығыстағы жауынгерлік аймақта Өзбекстанның шамамен 3 мың азаматы бар. Бұл туралы MY5 телеарнасында сөйлеген республика мұсылмандары басқармасының төрағасы муфти Усмонхон Алимов мәлімдеді,  деп жазады  EADaily .  Муфтийдің сөзіне қарағанда, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағындағы Өзбекстан азаматтары өздерінің Отанына оралу керек. «Біздің санауымыз бойынша, олардың саны 3000-ға жуық, біз оларды отанымызға қайтаруымыз тиіс. Оралғандар «Бустон» шипажайына жайғасты, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралғандардың хиқаялары –Анамды көруді армандадым

    НҰР-СҰЛТАН,08 маусым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Сириядағы ұрыс іс-қимылдар аймағынан 524 қазақстандыққа отанына оралуға  мүмкіндік берген  «Жусан» арнайы операциясы туралы деректі фильм көрсетілді.  Кадрларда қазіргі уақытта оңалтудан өтіп жатқан әйелдер мен балалар көрсетілген, деп Tengrinews.kz хабарлайды. «Жусан» гуманитарлық операциясы барысында 524 Қазақстан азаматы, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел адам мен 357 бала Сирия еліндегі […]
    • 6 Years ago
    • 0
Бет 3 of 4«1234 »