НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. АҚШ Суданды терроризмді қолдайтын елдер тізімінен әзірге шығармайды, деп 24.kz хабарлайды. Бұл туралы осы елдің саяси мәселелер жөніндегі министрінің орынбасары Дэвид Хейл Хартумда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Айта кетейік, бұл тізімге енген елдер Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк сияқты несие берушілерден қаржылай көмегінен қағылып, елдің сыртқы борышын жою сияқты мүмкіндігінен айырылады. […]