Бангкок. 22 мамыр. Таиланд астанасы Бангкоктегі әскери госпитальде жарылыс болып, 24 адам жараланды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Жапа шеккендердің ешбіреуі ауыр жарақат алмаған. Бастапқыда газ атылған деп болжанған. Бірақ алдын ала тергеуден кейін полиция дәріханада пакетке жасырылған жарылғыш зат жарылғанын мәлімдеді. Салдарынан ғимарат түтінге оранып, адамдардың арасында дүрбелең туды. Дегенмен полиция науқастар мен қызметкерлерді […]