НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Ауғанстан Ұлттық келісім жоғары кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллах Катардың бас қаласы Дохада Талибанмен жүргізілген келіссөзде бітім қалайтындарын айтты.Бұл туралы TRT хабарлайды. Абдуллах Кабулдағы бір сөзінде Ауғанстанда келіссөз делегациясының Дохада Талибанмен кездесулер жүргізіп жатқанын айтты. Ауғанстан делегациясының басымдығы – атыстың тоқтауы. «Дохада жалғасып жатқан ауғандар арасы келіссөзде қақтығыстың тоқтауын және бітім жасалуын қалаймыз» деді. […]