НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген арнайы операция нәтижесінде Урузған, Қандагар және Забул провинцияларында «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) кем дегенде 24 мүшесінің жойылғанын елдің оңтүстігіндегі Ауғанстанның Ұлттық армиясының жоғары лауазымды командирі хабарлады. Лаңкестердің арасында Пәкістанның 6 азаматы бар, деп Islam-today хабарлайды. Сонымен қатар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған содырлардың 4 панасы жойылды. […]