ТАРАЗ, 09 қаңтар. Жамбыл облысында күш құрылымдары тергеу шаралары барысында қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, — деп «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. Бұл қарудың бәрі Тараз бен жақын маңдағы елді мекендерде террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер жасауға арналған. Жамбыл облыстық комедантурасының хабарына қарағанда, өңірде 139 адам ұсталған. Сонымен қатар, ұсталғандарда доллар мен қырғыз сомы болған. Осы қаражат арқылы олар студенттер […]