НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр.Тәжікстан ішкі істер министрлігі Таулы Бадахшан автономиялы облысының Рушан ауданында “терроризмге қарсы операция басталғанын” хабарлады. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сүйенген мемлекеттік “Ховар” агенттігі хабарлады. Жергілікті ақпарат агенттіктері «жергілікті тұрғындарға оқ атылғанын» жазды, деп АзаттықРадиосына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Тәжікстан ІІМ мәлімдеуінше, бір күн бұрын “ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері” елдегі жағдайды […]