Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағандыда ер адам сауда орталығын жарып жіберемін деп қорқытты

    ҚАРАҒАНДЫ, 26 наурыз. Қарағандыда «Таир» сауда орталығында дүйсенбі күні төтенше оқиға болды. Бұл туралы хабар полицияға 19.46-да түскен. Орталық қызметкерінің айтуынша, белгісіз біреу ғимаратты жарып жіберемін деп қорқытыпты, деп хабарлайды жергілікті Ekaraganda.kz басылымы. Ғимараттан 500-дей адам эвакуацияланды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы мен сауда орталығының күзет қызметі 31 және 39 жастағы екі тұрғынды ұстады. Екеуі де мас болған. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Солтүстік Ирландиядағы үйлердің бірінде қолдан жасалған құрылғы жарылды

    АСТАНА, 07 наурыз. Жарылыс Солтүстік Ирландияның Крейгавон қаласындағы үйлердің бірінде болды, деп Daily Express газетіне сілтеме жасап Вести ФМ радиосы хабарлайды. Дәрігерлер есеңгіреу халіндегі егде әйелге көмек көрсетіп жатыр. Жарылыс салдарынан есік пен дәліз бұзылып қалды. Бұған дейін Лондондағы Хитроу және Сити әуежайларында, сондай-ақ елордалық Ватерлоо вокзалында қолдан жасалған жарылғыш заттар табылған. Құрылғылардың бірі іске […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде коммерциялық банк «миналанды»

    АСТАНА, 10 ақпан. Мәскеу қаласының солтүстігіндегі Мәскеу Коммерциялық банкінен 30-ға жуық адам жалған миналау туралы хабарламадан кейін эвакуациаланды,бірақ құқық қорғау органдары жарылғыш құрылғыларды таппады, деп астаналық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұдан бұрын Ленинград көшесі, 78 мекен-жайы бойынша Мәскеу Коммерциялық банкінде жарылыс қаупі бар деп хабарлаған болатын. «Тексеру аяқталды, бұл […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Хабаровскіде лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат таратқан Өзбекстан азаматы сотталды

    АСТАНА, 08 ақпан. Хабаровск қаласында жарылғыш құрылғы туралы жалған мәлімет бергені үшін Өзбекстан азаматы сотталды. Бұл туралы Қиыр Шығыс Федеральдық округі бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылдың 5 қазанында Хабаровск-1 станциясының теміржол вокзалының ғимаратында болған 20 жасар Өзбекстан азаматы Хабаровск аймағының Үкіметінің Бірыңғай диспетчерлік қызметіне жарылыс туралы жалған ақпарат хабарлаған. Ресей ІІМ көліктегі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Соңғы бес жылда лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат тарату бойынша 258 адам сотталды

    АСТАНА, 06 ақпан. Соңғы бес жылда телефон лаңкестігіне байланысты 258 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың нәтижесінде лаңкестік әрекет туралы жалған ақпараттар тарату қылмысы айтарлықтай азайды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл бағытта жеткілікті тәжірибе жинақтаған, сондай-ақ осындай қылмыстарды дер […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Оралда бомба туралы жалған ақпарат берген әйел ұсталды

    ОРАЛ, 28 қаңтар. Өткен жексенбі күні шамамен сағат 14.00-де Орал қаласының полиция бөлімшесінің жедел басқару орталығының «102» операторына әйел қоңырау шалып, Абай полиция бөлімшесінде бомба орнатылды деп хабарлады. Бұл туралы БҚО полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар бойынша барлық қызметтер дереу келіп жетті. Саперлар ғимаратты тексерді, жарылғыш құрылғы табылмады. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Мәскеу аймақтық әскери соты ИМ-нің 11 мүшесіне үкім шығарды

    АСТАНА, 25 қаңтар. 23 қаңтарда Мәскеу айиақтық әскери соты Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері болып табылатын Орталық Азия республикаларының 11 келімсек азаматын айыптады. Бұл туралы РФ ФҚҚ баспасөз қызметі хабарлады. Аталған адамдар, екі террорлық ұяшықтардың құрамында болатын, Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлермен бір уақытта Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында 2016 жылғы 12 қарашада […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Миналау туралы хабарларға байланысты Хабаровск қаласында 46 нысан эвакуациаланды

    АСТАНА, 24 қаңтар. 40-тан астам мектеп, аурухана, сауда орталықтары, сондай-ақ Хабаровск қалалық әкімдігі миналау туралы хабар нәтижесінде эвакуацияланған, деп қалалық әкімдіктің өкіліне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды. «Біздің ақпаратымыз бойынша, 46 нысан көшірілді — мектептер, ауруханалар, үлкен сауда орталықтары, атап айтқанда,« Оңтүстік паркі », сондай-ақ мэрия да», — деп хабарлады қалалық әкімдіктің өкілі. Хабаровск […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 22 қаңтар. Алматы облысының полициясы жалған терроризмнің тағы бір фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 18 қаңтарда белгісіз ер адам Көктал ауылының әкімдігі мен жергілікті учаскелік полиция пунктіне салынған жарылғыш зат туралы » 102 » нөміріне қоңырау шалған хабарлаған болатын. «Ауылға полицияның және басқа да құқық қорғау […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда колледжге «мина қойған» қаскүнем ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 6 қаңтар. Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады.Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та шалынды. «Оқиға орнына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. […]
    • 6 Years ago
    • 0
Бет 3 of 5«12345 »