Париж. 21 шілде. Франция Сенаты лаңкестікпен күрес туралы заң жобасын мақұлдады. Ол экстремистік қауіп-қатерге төтеп беру үшін құқық қорғаушылардың өкілеттігін арттырады. Атап айтсақ, енді күдіктілердің пәтерін тексеру шарасы біршама жеңілдетілмек. Экстремистік сипаттағы үгіт-насихат жүргізілген жағдайда діни орындарды уақытша жабуға да рұқсат беріледі. Жалпы сарапшылардың пікірінше, құжат елдегі төтенше жағдай тәртібін алмастыруы тиіс. Бұл режим 2015 […]