Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Санкт-Петербург соты террористтік топты қаржыландырды деп айыпталған Өзбекстан тумасын қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. Санкт-Петербург соты Ресейде тыйым салынған террористік топты қаржыландырғаны үшін ұсталған адамды қамауға алды. Бұл туралы қалалық соттардың бірлескен баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Санкт-Петербургтің Мәскеу аудандық соты Өзбекстанның тумасы Рафикжон Ахмедовке қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабы  1.1 бөлімінде («Террористік қызметке жәрдемдесу») көзделген қылмысты жасады деп айыпталып, қамауға алу түріндегі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны террорист-туысына жәрдемдескені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар.  Дағыстанда жергілікті тұрғын Солтанбий Биймурзаев терроризмді қаржыландыру бабы бойынша күдікке ілінген . Ол Сирияда содырлар жағында соғысқан туысына көмек көрсетті, деп 19 қаңтарда Солтүстік Кавказ федералды округі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM агенттігі хабарлады. Тергеу барысында анықталғандай, 2017 жылдың мамыр айында айыпталушы Мәскеуде жүргенде «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына (ҚР […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Помпео: Кубаны «террорға қолдау берген елдер» тізіміне қайтадан енгізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Барак Обама билігі кезінде қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру процесінде» террорға қолдау берген елдер тізімінен» шығарған Кубаны қайтадан тізімге енгізді, деп хабарлайды TRT агенттігі.  Майк Помпео «Кастро режимі халықаралық терроризмге берген қолдауын үзуі керек» деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл туралы жазбаша мәлімдеме жасады. Помпео мәлімдемесінде «Сыртқы істер министрлігі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Польшада лаңкестерге қаржылай жәрдем көрсетті деген күдікпен Ирак азаматтары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Польшаның Ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері террористік ұйымдарға қаржылай көмек көрсетті деген күдікпен осы елде тұратын Ирактың екі азаматын ұстады. Бұл туралы Polskie Radio 24-ке сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлады. Польша құпия қызметтерінің үйлестірушісі Станислав Жарин құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған екі Ирак азаматы өз қаражаттарын «Ислам мемлекетіне» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жәрдем […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Карелия соты терроризмді қаржыландырды деген күдікпен Өзбекстан азаматын қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Карелия Республикасы бойынша Ресейдің ФҚҚ-нің басқармасы террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікке ілінген өзбекстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп ақпарат агенттігі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Республика» АА хабарлайды. Ұсталған адам «ИМ» халықаралық террористік ұйымын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымды) қаржыландырды деп айыпталуда. Сот ер адамды қамауға алды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Терроризмді қаржыландырғаны үшін Орынбор тұрғыны сотқа тартылады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан. Орынбор облысында 39 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол террористік қызметке жәрдемдескені үшін айыпталуда, деп Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Тергеушілер бұл азамат пен оның әйелі банктік карталарды пайдаланып ақша жинап,  «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымына (Қазақстан Республикасында қызметіне тыйым салынған ұйым) мүше адамдарға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Новосибирскіде тұрған шетелдік террористерді қаржыландырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Новосибирскіде тұратын шетелдік азамат «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) тобын қаржыландыру үшін ақша аударғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «1-ші шығыс аудандық әскери соты шетелдікті террористік әрекетке қатысқаны үшін кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі колонияда өтеуге алты жылға бас бостандығынан айырды», — делінген […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ростов облысында терроризмді қаржыландырғаны үшін ИМ жәрдемдесі 5 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Сағид Казимагомедовты «Ислам мемлекеті» (ИМ) (ҚР тыйым салынған ұйыи) халықаралық террористік ұйымының мүшесіне ақша аударғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Сот үкіміне сәйкес, Казимагомедов кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында бес жылға бас бостандығынан айырылды», — деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде сириялық содырларды қаржыландырғаны үшін Дағыстанның тумасы сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Дағыстанның тумасы Рамазан Абдулхаликов Таяу Шығыстағы содырларды қаржыландыру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп Мәскеу бойынша РФ ТК бас тергеу бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. 2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қарашасына дейін Абдулхаликовтың Сирия мен Ирактағы террористік ұйымды қаржыландыру үшін құрылған мессенджерлерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нижний Новгородта «Ислам мемлекетің» қаржыландыруға күдікті Тәжікстан азаматтары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Нижний Новгород облысы бойынша ФҚҚ қызметкерлері Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелерін қаржыландырды деген күдікпен тәжік азаматтарын ұстады. Бұл туралы аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  «Ресейдің Нижний Новгород облысы бойынша ФҚҚБ Тәжікстан азаматтарын ұстады. Тоб басшысы «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР — да тыйым салынған ұйым) […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 2 of 4«1234 »