Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған Рудный қаласының тұрғыны ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 17 наурыз. Рудный қаласында орталық базарда жарылғыш зат қойылғанын айтқан 34 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Рудный қаласы полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында болған. Полицияға 50 лет октября көшесіндегі «Бак-Бак» базарына «бомба» қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскен. «Тергеу амалдарын жүргізу барысында осы ақпарат тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия астанасында көлік жарылысы салдарынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Жұма күні Дамаск қаласында бомба жарылып, бейбіт тұрғын қайтыс болды, деп САНА АА сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Елорданың полиция департаментінің хабарлауынша, Дамаскідегі көше қиылысында көлік жарылып, көлікте отырған бір адам ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. «Лаңкестер» жарылғыш қондырғыны көлікке алдын ала орнатқаны туралы хабарланған. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Самара облысында терроризмді жақтағаны үшін қырғыз азаматы сотталған

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Самара облысында терроризмді жария түрде ақтағаны үшін Қырғызстан азаматы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы 12 наурызда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің облыстық тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Тергеу мен сот ер адам 2017 жылдан кешіктірмей «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) идеологиясын қабылдады деп […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда 110-нан астам адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Мысырдың әскери трибуналы терроризм айыптары бойынша 112 адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ВВС Africa сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Телерадиокомпания журналистерінің айтуынша, сотталғандарға 14 операцияға, оның ішінде полицияның өткізу пункттеріне шабуыл жасағаны және ел прокурорының көмекшісін өлтіруге әрекеттенгені үшін айып тағылған. Сотталушылар бір топ мүшелері болған деп болжануда.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан президенті қамаудағы тәліптерді босату туралы жарлыққа қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Ауғанстан президенті Ашраф Гани сейсенбі, 10 наурызда «Талибан» қозғалысының 5 мың мүшесін тұтқыннан босату туралы жарлыққа қол қойды, деп centralasian.org жазады.  9 наурызда инаугурациялау салтанатында Гани тұтқындарды босатуға уәде берген. Президент жарлығы 11 наурызда БАҚ өкілдеріне таратылады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Сиддик Сиддикидің айтуынша, Кабулдағы Парван түрмесінде отырған 1,5 мың тәліп 14 наурыздан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Миналау туралы хабардан кейін Теміртаудағы сауда үйінен 400-ден астам адам эвакуацияланды

    ТЕМІРТАУ, 07 наурыз. 7 наурыз күні сағат 13: 10-да Теміртау қаласының полиция басқармасының  кезекші орталығына «Одежда» сауда үйінде жарылғыш зат бар деген  хабарлама түсті , деп zakon.kz жазады. Сауда үйінің жұмысшысына белгісіз біеур телефон соғып, ғимаратқа бомба қойылғанын айтты. Теміртау қаласының полиция бөлімінің жедел кезекшілері оқиға орнына барлық жедел қызметтерді жіберді. Ғимараттан 400-ден астам адам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркияда Ыстамбұлдағы лаңкестік шабуылдарды дайындады деген күдікпен 10 адамды қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Түркия қауіпсіздік күштері Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекеттерді жоспарлады деген күдікпен 10 адамды ұстады. Билік қамауға алынғандарды елде тыйым салынған Күрд жұмысшылар партиясының және Сирияның күрдтік «Халықтың өзін-өзі қорғау отрядтарының» мүшелері деп санайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Анадолу ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады . Олардың айтуынша, қауіпсіздік органдарына Түркияға «үкімет шенеуніктері, жергілікті әкімшілік жетекшілері […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядағы лаңкестер үкімет тікұшағын атып құлатты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Сирияның Идлиб аймағында үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілді. Шабуыл оппозициялық күштердің бақылауындағы Куптан-аль Джабаль ауылының жанында жасалды, деп 24.kz хабарлайды.  Алепподағы шайқасқа беттеп бара жатқан тікұшаққа «жер-әуе» санатындағы зымыран қолданылған. Шабуылдан экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапты. Осы аптаның басында бұл  ауданда үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілген болатын. Айта […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе облысында дін атын жамылған қылмыскерлер ұсталды

    АҚТӨБЕ, 22 ақпан. Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан 60-тан астам қылмысты ашты, деп baq.kz хабарлайды.  Олар көлікті айдап кету, заңсыз қару сақтау, жеке мүлікті ұрлау, тонау және кісі өлтіру т.б. да ауыр қылмысты дінді жамылып жасаған. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күреспен қатар Ішкі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 10 ақпан. Алматы халықаралық әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адамды полиция анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Ақпарат дереу көліктегі полиция департамент бөлімшелеріне берілді. Әуе айлағын қоршап алу және адамдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қоңырау шалған адамның жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл 1997 жылы туған Б. деген азамат. Қазір оны патрульдік полиция […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 11 of 17« Бiрiншi...«910111213 » ...Last »