НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. YouTube-тегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми арнасында қауіпсіздік туралы видео жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz. Видео «Сіздің қырағылығыңыз террорлық шабуылдың алдын алуы мүмкін» деген тақырыппен жарияланды. ҰКК қазақстандықтарға сақ болып, қырағылық танытуды сұрайды. «Күдікті адамдар мен заттарды байқасаңыз, ол туралы уақтылы хабарлау террорлық актінің алдын алуы мүмкін» делінеді видеода.