Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Ер есімі — ел есінде!»: Ел тыныштығы үшін жанын қиған Ғазизді әріптестері ұмытпайды

    ТАРАЗ, 12 қараша. 2020 жылдың 12 қарашасы күні  сағат 10.00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінде Халық қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ғ.Байтасовтың туыстары, Жамбыл облысы мемлекеттік органдарының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Салтанатты митинг Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Авиньонда ер адам полицейлерге шабуыл жасамақ болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Францияның Авиньон қаласының полиция қызметкерлері пышақпен шабуыл жасамақ болған ер адамды атып тастады. Бұл туралы BFM телеарнасына сілтеме жасап 24.kz хабарлады. Бұған дейін Ниццада пышақпен қаруланған ер адамның шабуылынан кем дегенде үш адам қаза болғандығы туралы хабарланған болатын. Шабуыл жасаған күдікті ауруханаға жеткізілді деп хабарланды. Қала әкімі шабуылды террористік акт деп атады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 23 қазан күні Ақмола облысында «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020” оқу-жаттығулары өткізіледі 

    КӨКШЕТАУ, 20 қазан. 2020 жылдың 23 қазанында Көкшетау қаласының аумағында “КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020” республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 23 қазанында Көкшетау қаласының аумағында Ақмола облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының құрамына енетін құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен “КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020” республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі. Аталған іс-шаралар мен келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуларыңызды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде жарылыс қаупіне байланысты «Город» СО-ның келушілері эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз.  Мәскеудің шығысындағы «Город» сауда үйі жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабарламадан кейін эвакуацияланды. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Энтузиастов тас жолы,12, 2-ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан  «Город» сауда орталығын миналау туралы хабарлама келіп түсті. Адамдар эвакуацияланды, ғимарат тексерілуде», — деп баяндады агенттік сұхбатшысы. Ресей  қалаларындағы миналау толқыны 2019 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан ІІМ: соңғы жарты жылда екі терактінің алдын алдық

    НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Биыл соңғы жарты жылда екі терактінің алдын алдық. Осылай деп Тәжікстан ішкі істер министрлігі терроризммен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззода мәлімдеді, деп centralasian.org жазады.  Оның сөзінше, терактіні Шахринав пен Рашт аудандарына жасауды «Ислам мемлекеті» террористік тобының жақтастары жоспарлаған. «Олар құқық қорғау органдарына қарсы шабуыл жасамақ болған. Бірақ дер кезінде күш құрылымдары тарапынан қолға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреу Домодедово әуежайын және тұрақтағы бүкіл ұшақтарды «миналаған»

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Белгісіз біреу Домодедово әуежайы ғимаратының және тұрақтағы барлық ұшақтардың «миналануы» туралы хабарлама жіберді, деп төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Белгісіз біреулер Домодедово әуежайының тұрағындағы барлық ұшақтардың және әуежай ғимаратының «миналанғаны» туралы электрондық пошта арқылы хабарлаған . Ұшақ пен ғимаратты кинологтар», — деп хабарлады дереккөз. Әуе айлағы жұмысын жалғастыруда, эвакуация […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Израиль әскери күштері лаңкестік шабуылдың алдын алғандығын хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде. Израиль әскерилері сәрсенбі күні төрт палестиналық «лаңкесті» тұтқындап, Иордания өзенінің батыс жағалауына шабуыл жасаудың алдын алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Оқиға Иордан өзенінің Батыс жағалауының солтүстігіндегі Наблус қаласының жанында болған. Израиль әскери өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, ұсталғандардан «жандырғыш қоспасы бар бөтелке және қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды, олар лаңкестік шабуыл жасауға бет алған». […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 52 жасар консьерж әйел Мәскеу маңындағы Люберцыдағы бір үйді «миналады»

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Люберцы қаласында консьерж болып істейтін әйел адам 112 номеріне тұрғын үйдің жалған миналануы туралы хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп Мәскеу облысы бойынша Ресейдің ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петроваға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Қаскүнем әйел «112» жедел қызметіне қоңырау шалып, Наташинская көшесіндегі [Люберцы қаласы] көп пәтерлі үйлердің бірінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Екатеринбургте өлтірілген үш содыр ИМ жақтасы болды 

     НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір. Екатеринбург қаласында жойылған үш содыр Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымының жақтаушылары болған. Бұл туралы Ұлттық антитеррорлық комитеттің (ҰАК) ақпараттық орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . «ҰАК-тың жедел штабындағы мәліметтерге сәйкес, олар ДАИШ халықаралық лаңкестік  ұйымының жақтаушылары болған (бұрынғы атауы ИМ, Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) және лаңкестік бағыттағы резонанстық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Екатеринбургте лаңкестікке күдікті үш адам өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір. Екатеринбургте теракт жасамақ болған үш күдікті өлтірілді, деп Ресейдің Ұлттық антитеррорлық комитетіне (ҰАК) сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. ҰАК таратқан мәліметте, Екатеринбургтің Чкалов ауданында ФҚҚ  қызметкерлері контртеррористік операция жүргізген. Үш адам өлтіріліп, қару, жарылғыш заттар тәркіленген. URA.RU сайтының хабарлауынша, операция Екатеринбургтегі бақша өсіру серіктестігінде жүргізілген. Оларды ұстау кезінде, күдіктілер қарсылық танытқан. Таңға қарай контртеррористік операция режимі […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 4 of 6« Бiрiншi...«23456 »