ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 наурыз. Алматы облысының Талғар аудандық соты терроризм акт ісі туралы жалған хабарлаған азаматты екі жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2019 жылдың 25-сәуір күні сағат 9:35-те белгісіз біреу Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалып, Талғар ауданындағы кенттердің бірінде орналасқан су каналында жарылғыш құрылғы орнатылғандығы туралы хабарлаған. […]