Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • АҚШ Сирияға 600 әскериді түсірді

    АСТАНА, 29 қаңтар. Пентагон Сирияға тағы 600-ге жуық америкалық әскериді түсірді. АҚШ тарапы мұны Сириядан америкалық әскерді эвакуациялау мақсатында жібердік деп түсіндірді, деп KAZISLAM сайты хабарлайды. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, жуырда жүздеген америкалық әскерилер Сирияның Ефрат өзенінің шығысындағы Хараб Ишк және Сыррин аудардарында орналасқан АҚШ әскери базасына жеткізілген. Әскери база алдағы уақытта америкалық әскерді «эвакуациялайтын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасодағы террорлық шабуылдың нәтижесінде он адам қайтыс болды

    АСТАНА, 28 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Сум провинциясының ауылында қарулы шабуылдың нәтижесінде 10 адам қайтыс болды. Бұл туралы Agence France-Presse-ке сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлады. Шабуыл 27 қаңтарда таңертең Сикире ауылында болған. Шабуылдаушылар адамдарға оқ жаудырып, дүкендерді тонап, өртеп жіберді. Он адам қайтыс болды, екеуі ауыр жарақат алды. Агенттік тілшісі хабарлағандай оқиға террористік шабуыл деп танылды. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Оралда бомба туралы жалған ақпарат берген әйел ұсталды

    ОРАЛ, 28 қаңтар. Өткен жексенбі күні шамамен сағат 14.00-де Орал қаласының полиция бөлімшесінің жедел басқару орталығының «102» операторына әйел қоңырау шалып, Абай полиция бөлімшесінде бомба орнатылды деп хабарлады. Бұл туралы БҚО полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар бойынша барлық қызметтер дереу келіп жетті. Саперлар ғимаратты тексерді, жарылғыш құрылғы табылмады. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • АҚШ «Талибан» өкілдерімен келіссөздің сәтті болғанын растады

    АСТАНА, 28 қаңтар. АҚШ пен радикалды “Талибан” қозғалысы арасында Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша келіссөздің соңғы отырысы алдыңғыларына қарағанда сәтті өткен. Тараптар маңызды мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келе алған. Бұл туралы АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад хабарлаған.Бұл туралы Азаттық Радиосы сайтында хабарланған. Ол Twitter-дегі парақшасында 26 қаңтарда Ауғанстан билігімен келісілген мәселелерді талқылау үшін […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Грузияның үкіметі терроризмге қарсы стратегиясын бекітті

    АСТАНА, 27 қаңтар. Грузия үкіметі 2019-2021 жылдарға арналған терроризмге қарсы Ұлттық стратегиясын бекітті, деп Грузияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі сілтемесі жасап SPUTNIK Грузия хабарлайды. Құжат Грузияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басқаратын ведомствоаралық комиссиясы әзірледі. Стратегия жеті басты бағытты қамтиды: терроризмге қатысты ақпарат жинау, алдын алу, қорғау, дайындық, қудалау, құқықтық реттеу және халықаралық ынтымақтастық шеңберін дамыту. «Стратегияның жалпы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Филиппинде болған жарылыстар нәтижесінде зардап шеккендердің саны 19-ға дейін өсті

    АСТАНА, 27 қаңтар. Филиппинде жарылыстардың салдарынан кем дегенде 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Rappler порталына сілтеме жасап. Алдында, кем дегенде сегіз адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды деп хабарланды. Порталдың мәліметі бойынша, жарылыстар жексенбі күні таңертең Силу провинциясындағы Холо аралында болды. Бір жарылғыш құрылғы шіркеудің кіреберісінде, екіншісі — ішкі бөлігінде […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Бейбіт Атамқұловтың Ресейге алғашқы ресми сапары

    АСТАНА, 26 қаңтар. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мәскеудегі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Sputnik Казахстан. Кездесу 28 қаңтарға жоспарланған, деп хабарлайды РФ СІМ. Бұл Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің басшысы болып тағайындалғаннан кейін Атамқұловтың Ресейге алғашқы сапары. Кездесу барысында Атамқұлов пен Лавров 2019-2020 жылдарға арналған екі елдің мекемелері арасындағы ынтымақтастық […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шешенстан муфтияты ынтымақтастықтың географиясын кеңейтуге ниетті

    АСТАНА, 25 қаңтар. Солтүстік Кавказ муфтияттарында экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмауға бағытталған жұмыстарға үлкен көңіл бөлінеді. Шешенстан мұсылмандары діни басқармасының жоспарында егжей-тегжейлі іс-қымылдар мәселесі іске асырулы, деп Ставрополь өлкесі мұсылмандары діни басқармасының веб-сайты хабарлайды. Бұл тақырып бойынша әңгіме жақында Ставрополь өлкесі мұсылмандары діни басқармасының қонағы болып келген Шешенстан Республикасының сыртқы байланыстар жөніндегі мүфти орынбасары Турко […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Мәскеу аймақтық әскери соты ИМ-нің 11 мүшесіне үкім шығарды

    АСТАНА, 25 қаңтар. 23 қаңтарда Мәскеу айиақтық әскери соты Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері болып табылатын Орталық Азия республикаларының 11 келімсек азаматын айыптады. Бұл туралы РФ ФҚҚ баспасөз қызметі хабарлады. Аталған адамдар, екі террорлық ұяшықтардың құрамында болатын, Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлермен бір уақытта Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында 2016 жылғы 12 қарашада […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ростов қаласында терроризмді насихаттау үшін Дағыстан тұрғыны сотталды

    АСТАНА, 25 қаңтар. Дағыстанның Кулинск ауданындағы Вихли ауылының тұрғыны Загалав Сұлтанбегов Ростов қаласында терроризмді насихаттау үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім 24 қаңтарда Солтүстік Кавказдағы әскери сотта шығарылды. Бұл туралы ДОН-МЕДИА жазады. Айыптау қорытындысына сәйкес, 2014 және 2015 жылдары Сұлтанбегов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында лаңкестік әрекеттерге және терроризмді ақтауға шақырған бейнероликтерді орналастырды. Сот отырысында […]
    • 6 Years ago
    • 0
Бет 28 of 48« Бiрiншi...1020«2627282930 » 40...Last »