Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстанға экстремистік әдебиеттерді кіргізбек болған қырғызстандық ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Биыл жыл басынан бері ҚР аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді, деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлайды. Діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Басқарманың хабарлауынша, 2019 жылдың басынан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иракта лаңкестер 3 түркиялық дипломатты атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Ирактың Эрбиль қаласында қарулы шабуыл салдарынан түркиялық 3 дипломат қаза тапты 24. kz хабарлайдды.  Олардың ішінде Түркияның Ирактағы бас консулының орынбасары бар. Оқиға мейрамханада болған. Қарулы лаңкестер тамақтануға келген дипломаттарға оқ жаудырған. Сөйтіп оқиға орнынан іздерін суытқан. Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталды. Полиция оқиға орнын қоршауға алып, қаладан шығатын жолдардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда содырлар қонақ үйге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстанның Бадгиз провинциясында қаруланған жауынгерлер қонақүйге шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Оқиғадан 10 адам жарақат алды. Ғимараттағы тәртіп сақшыларымен лаңкестердің арасында болған атыс-шабыстан 3 содырдың көзі жойылды. Тағы екеуі тұтқындалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы атышулы «Талибан» террорлық ұйымы өз мойнына алды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • 37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. 37 елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар. Бұл ақпаратты 12 шілдеде хаттың көшірмесін көрген Reuters агенттігі хабарлады, деп Азаттық Радиосы хабарлайды. Дәл осының алдында 22 елдің елшілері БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жолдап, Қытайдың аз ұлттарға оның ішінде ұйғыр, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы тұрғындарына экстремизм мен терроризм қаупі түсіндірілді

    АЛМАТЫ, 13 шілде. Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен «ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ Алматы қаласының  тұрғындарына діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру заңнамалық нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың заңнамалық нормаларын халыққа түсіндіру жұмыстары базарлар мен ірі сауда орталықтарында жүргізілді. Атап айтсақ,  Тастақ, Арыстан, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жат ағымның жетегіне ерген отбасы оқиғасы

    АҚТӨБЕ, 11 шілде. Жат ағымның жетегіне ерген алпыстағы ақтөбелік азаматтың үш ұлы да терроризм бабымен істі болған. Бүгінде асыраушысынан айырылған әйелі мен келіндері өлместің күнін кешіп отыр. Бүтін бір жанұяның бұл жағдайын отбасының таныстары баяндады деп жазады NUR.KZ.  Жанұяның танысы үйдің үлкен ұлы Сирияға кеткен соң қайта оралмағанын айтады. «Отбасының қалған мүшелері де сол елге аттанғалы тұрған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. 10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері 2018 — 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың аралық қорытындыларын жасады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда банкке «бомба қойған» күдікті ұсталды

    ТАРАЗ, 11 шілде. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 желісіне ер адам қоңырау шалып, «Сбербанк» АҚ Жамбыл филиалының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Хабарлама алғаннан кейін банк аумағын патруль полициясының «Боран-22» және «Боран-24» экипаж жасақтары қоршап, қаржы-несие мекемесінің 47 қызметкері қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Банк мекемесіне шұғыл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның арнайы күштері талибтердің үш бөлімшесін жойды

    НҰР-СҰЛТАН 10 шілде. Ауған арнайы қызметі оңтүстік Гильменд провинциясында талибтердің үш бөлімшесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды АфТАГ.   Арнайы операциялар корпусы шығарған мәлімдемесіне сәйкес, арнайы қызметтер сейсенбі күні кешкісін Каяка ауданындағы талибтердің позициясына шабуылдады. Мәлімдемеде арнайы қызметтер операция кезінде үш бөлімшені жойған делінген. Сонымен қатар, арнайы қызметтер  қаруды, 3 радиоқабылдағышты, 3 компьютерді, пәкістандық ұлттық жеке куәлігін, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иракта лаңкестікке қарсы әскери операция басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде. Ирак Сириямен шекаралас аймақта «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы арнайы әскери операциясын бастады,деп 24.kz хабарлайды. Шараға шейіттің қарулы күштері мен Ирактың әскери әуе күштері де жұмылдырылды. Әскери іс-қимыл Салах а-Дин, Анбар мен Найнава провинцияларында өтуде. Жергілікті билік операция бірнеше күнге созылатынын хабарлайды. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 6 of 48« Бiрiншi...«45678 » 102030...Last »