НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі QIWI-әмиян көмегімен сириялық содырларға демеуші болған азаматты анықтады, деп Sputnik Қазақстан жазады. Тергеу көрсеткендей, азамат Сириядағы содырлардың шетелдік QIWI-әмиянына жүйелі түрде ақша аударып келген. «Айта кетері, азаматтың күмәнді операциялары жайлы алғашқы ақпарат QIWI-дің өзінен түсті. Соның арқасында құқық қорғау органдары жедел ден қойып, терроризмді қаржыландыру схемасын жойды», — деп […]