АСТАНА, 14 қараша. Жапония астанасының орталық ауданында орналасқан Токио аудандық сотының қызметкерлері дүйсенбі күні жарылыс туралы хабарлама алды. Бұл туралы Kyodo агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Дереккөздердің хабарлауынша, осыған байланысты сот ғимаратына кіру уақытша жабылған, полиция қызметкерлері оқиға орнында тексеріс жүргізіп жатыр.