НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. Сирияның солтүстігіндегі Расулайн және Талль-Абъяд аймақтарында бір тәулікте 26 лаңкес залалсыздандырылды. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Мекеме мәліметінше, КЖП лаңкестерінің сириялық қанатының содырлары түрік әскерилерінің орналасқан жеріне шабуыл ұйымдастыруға дайындалып жатқан. Қорғаныс министрлігі Сириядағы терроризмге қарсы операциялар аймақтарында бейбітшілік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бел буғанын атап […]