ТҮРКІСТАН, 23 шілде. 2022 жылғы 22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша «героин»). Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі