НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының идеясын таратушы Абу Довуд ұсталып, Сириядағы Африн қаласының түрмесіне түсті. Бұл туралы түріктің TRT Haber телеарнасы сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. Душанбенің 35 жастағы тұрғыны Парвиз Саидрахмонов (Абу Довуд) жазда «Ислам мемлекеті» ұйымының Идлиб провинциясындағы соңғы бекінісі — Багуз елді мекенінен қашқан уақытта ұсталған. Саидрахмонов экстремистік ұйымға 2014 жылы қосылған. […]