НҰР-СҰЛТАН,10 қаңтар. Төтенше жағдай режимінде қазақстандықтар құқық қорғау органдарының барлық талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс, деп Хабар24 агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Коменданттық сағатты бұзуға ешкімнің құқы жоқ. Бірқатар аймақта түнгі 23.00-ден таңғы 7-ге дейін шектеу енгізілген. Заңгерлердің айтуынша, төтенше жағдай кезінде билікке бағынбағандарды полиция қатаң жазаға тартуға құқылы. Тіпті оқ атуы мүмкін. […]