Астана. 2 мамыр. Сарыарқа аудандық соты «Иегова куәгерлері» христиан қауымдастығы» діни бірлестігінің өкілі Теймур Ахмедовке үкім шығарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Оған дінаралық алауыздық тудырғаны үшін 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру үкімі шықты. «Бұрын сотталмаған Теймур Ахмедов Сұлтаноглыға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды. Куәгерлерден жауап алып, сотқа дейінгі өндіріс, сот тергеуі […]