Шымкент. 29 мамыр. Дәстүрлі емес діни ағымдардың санының көбеюі адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Арбаушылар көбінесе қиыншылыққа төзімсіз, өмірлік тәжірибесі аз, білімі таяз жандарды тартуға тырысады. Өйткені білімсіз адамның өте көнгіш келетінін жақсы біледі. Арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде білім жөнінен алғанда […]