Париж. 31 наурыз. Францияда «Имам хартиясы» қабылданды. Құжатты Францияның ислам діні бойынша кеңесі әзірлеген. Хартия республика мешіттерін «экстремистік насихаттардан сақтандыру» мақсатында қабылданған. Кеңес мәліметінше, аталмыш хартия республика президентін сайлауға бір ай қалғанда қабылданғанымен, құжат біршама уақыт бұрын – Париж терактісінен кейін 2015 жылдың күзінде әзірленген. Алайда, әртүрлі ұйымдардың хартия ережелерін келісім беру мерзімі ұзақ уақытқа […]