Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомалиде «Аш-Шабабтың» төрт қолбасшысының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз.  14 тамыз күні Сомалидің оңтүстігіндегі Төменгі Шабелле аймағындағы Куртунвари аймағында елдің ұлттық әскерінің күшімен «Аш-Шабаб» содырларының төрт басшысының көзі жойылды, деп қытайлық CGTN арнасына сілтеме жасап Красная Весна АА хабарлайды. Сомали ұлттық әскерінің қолбасшысы Исмаил Әбдімалік Малин журналистерге Төменгі Шабелле аймағында лаңкестерді қуып шығару операциясы сәтті өткенің айтты. «Біз «Аш-Шабаб» содырларының қорғаны […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бадахшан провинциясында ауған әскери күштері тәлібтердің шабуылына тойтарыс берді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз.  Тәжікстанмен шекарада ауған әскери күштері «Талибан» шабуылына тойтарыс берді, деп «Памир» ауған ұлттық армиясының 217-ші корпусының баспасөз хатшысы Ходи Джамолуға сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан  жазады. Лаңкестік шабуыл 14 тамыз күні  таңғы 6:30 -да Бадахшан провинциясының Куф-Аб үезінің аумағындағы армия мен полиция күштеріне жасалған. Ауғанстан әскери күштерінің әрекеті нәтижесінде 10 содыр өлтірілді, 6 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ингушетиядағы «Э» орталығының басшысын өлтіру ісі бойынша айып тағылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз.Тергеу комитетімен Ингушетиядағы экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің («Э» орталығы) бастығы Ибрагим Эльджаркиевті өлтіру ісі бойынша айып тағылды, деп РФ ТК-не сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. 12 азаматқа айып тағылды, тергеушілер оларды лаңкес деп санайды. Оларға астыртын банда ұйымдастырды, лаңкестік шабуыл жасады және заңсыз қару сақтады деген айып тағылып отыр. Тергеушілер айыпталушылар Эльджаркиевті қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда сотталған содырларды босату басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз.«Талибан» ұйымының бұрын сотталған 400 мүшесінің 80-і босатылды, деп министрліктің Twitter-дегі ресми каналы арқылы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап « Красная Весна» ақпарат агенттігі хабарлады.  «Кеше Ауғанстан Ислам Республикасының үкіметі тәлібтердің сотталған 400 адамның 80-ін босатты. Олардың босатылуына Лойя-джирга (жалпыауғандық ақсақалдар кеңесі —  Красная Весна) рұқсат берді» — делінген хабарламада. Қауіпсіздік министрлігінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мурманск тұрғыны терроризмді қаржыландырды деген күдікке ілінді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Мурманск облысы бойынша ФҚҚБ тергеу бөлімі Мурманск тұрғынына қатысты терроризмді қаржыландыруға жәрдемдесу туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел адам Ресейде тыйым салынған ұйымды қаржылық қолдау әдістері туралы ақпаратты Интернетте орналастырған, деп аймақтық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Ресейдің Мурманск облысы бойынша ФҚҚБ  тергеу бөлімі 1976 жылы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан, АҚШ және Ауғанстан COVID-19, есірткі тасымалы мен терроризммен күресті талқылады

      НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Өзбекстан, Америка Құрама Штаттары мен Ауғанстан жаңа COVID-19 коронавирусының таралуына, терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейтуде, деп Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 тамызда «Өзбекстан-АҚШ-Ауғанстан» үшжақты ынтымақтастық форматындағы қауіпсіздік жөніндегі шағын комиссияның бірінші отырысы бейнеконференция форматында өтті. Тараптар, атап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында болған лаңкестік шабуылдан екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Сәрсенбі күні Сомали астанасы Могадишода болған жарылыс салдарынан бір адам қаза болды, екіншісі жарақат алды. Бұл туралы Сомали Gubjug News ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС  хабарлайды. Жарылыс Вабери ауданында болды. Жарылғыш зат жол жиегіне орнатылған және жол талғамайтын көлік өткен кезде іске қосылды. Қаза тапқан мен жараланған адам көлікте болған. Олардың жеке […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары ауғанаралық келіссөздер қарсаңында бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.  Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында «Талибан» содырлары бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасап, кем дегенде алты полиция қызметкерін өлтірді. Бұл туралы eadaily.com-ға  сілтеме жасап  «Правильный выбор»  хабарлайды. Кері соққы нәтижесінде үш содыр жойылып, тағы екеуі жараланды. Осы аптада Дохада ауғанаралық келіссөздер жоспарланған, Кабул тарапынан белсенді дайындық жүргізілуде, делегация құрамы бекітілді. Келіссөздерді бастау үшін Талибан* шарттарының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу әлі мүмкін емес

    НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.  Аймақтық қауіптерді зерттеу орталығының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшысы Виктор Михайлов  «Талибанның» 400 тұтқының босату және Ауғанстан Үкіметінің ымыраға дайын екендігі туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Sputnik Өзбекстан. Сарапшының айтуынша, бірнеше жүздеген ұрылардың босатылуы Ауғанстандағы, әсіресе елдің солтүстігіндегі жағдайдың жақсаруына әкелуі екіталай. «Мүмкін, шешім қабылдағандардың  ақпарат қорылары әлдеқайда кеңірек  және олар бізде жоқ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирак пен Кувейт шекарасында АҚШ әскери техникасының колоннасына шабуыл ұйымдастырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз.  Жарылыс Ирак пен Кувейт шекарасының аумағында болды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Ақпарат бойынша, жарылыс шиит содырларының шабуылы нәтижесінде болған. Шабуылдың мақсаты АҚШ әскери техникасының колоннасы болды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0