Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Украинада ИМ басшыларының бірі Әл Бара Шишани ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. «Украина қауіпсіздік қызметі Грузияның ішкі істер министрлігімен және АҚШ-тың Орталық барлау басқармасымен бірлескен арнайы операцияның нәтижесінде» Киев облысында  «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ұйым) террористік ұйымының басшыларының бірі ұсталды», — деп УҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kazislam хабарлайды. Әл Бара Шишанидің шын аты — Цезарь Тохосашвили, ол шешен, Грузияның Панкиси шатқалында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Талибан тұтқындағы екі профессорды «босатты»

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Талибан қозғалысы Кабулдағы Америкалық университетінің екі профессоры – 60 жастағы Кевин Кинг (АҚШ азаматы) пен 48 жастағы Тимоти Уиксті (Австралия азаматы) тұтқыннан босатты, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Ауған билігі мен Талибан қозғалысының хабарлауынша, екі профессор 19 қарашада тәліптердің бақылауындағы Забул аймағы Наубахар ауданында босатылған. AFP ақпарат агенттігі полициядағы дереккөздеріне сілтеме жасап, екі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар салдарынан төрт әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Дүйсенбі күні таңертең Кабулда болған жарылыстарда төрт әскери қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап.  Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими әскери жаттығу орталығының жанында жанкешті лаңкес өзін-өзі жарғанын мәлімдеді. Екі жарылыс болды деп хабарланады. Оқиға лонына  жақын жолдар жабылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысыр президенті ІІМ басшысы мен арнайы қызмет өкілдеріне терроризммен күресті жалғастыруды тапсырды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. Мысыр президенті Абдел Фаттах ас-Сиси Ішкі істер министрлігі мен арнайы қызмет өкілдеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елдегі терроризм мен экстремистік идеологияға қарсы күресті бәсеңдетпеуге нұсқау берді , деп хабарлайды РИА Новости президент әкімшілігіне сілтеме жасап.  Президент әкімшілігінің хабарлауынша, бұл премьер-министр Мұстафа Мадбулидің, сондай-ақ Мысырдың Ішкі істер министрлігінің басшысы, жалпы барлау және әкімшілік бақылау басқармасы басшыларының қатысуымен өткен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ІІМ басшысы Интерпол президентімен кездесті

    АЛМАТЫ, 16 қараша. ІІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының президентімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерлан Тұрғымбаев пен Ким Чон Ян Қазақстан ІІМ мен Интерполдың арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге қарсы белсенді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қазақстанның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Facebook әлеуметтік желісі терроризмді насихаттайтын посттардың 98% — ын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Компания таратқан мәліметте, 2018 жылы 1,55 млрд жалған аккаунт өшірілгені айтылған. Facebook өшірген парақшалары жайлы бірінші рет мәлімет таратып отыр. Компания жалған ақпарат пен теріс мәлімет таратқан Instagram қолданушыларының парақшаларын да өшірген, деп Baq.kz хабарлайды.  Сондай-ақ компания террористік ұйымдармен байланысы бар контенттерді жылдам анықтай алатындықтарын мәлімдеп отыр, бұл тұрғыда Facebook-тің анықтау мүмкіндігі 98,5%, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирак түрмесінде де Қазақстан әйелдері бар

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Қазіргі уақытта Ирак түрмесінде Қазақстанның бірнеше әйелі отыр. Ресми ақпаратқа сенсек, Ирак билігі ол әйелдерді өмір бойы бас бостандығынан айырған, деп Kazislam жазады. Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, ол әйел адамдар елге қайта алмайды. «Себебі, біздің мемлекетіміз бен Ирактың арасында жазасын өтеушілерді елге қайтару  туралы келісім жоқ. Сол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан мен Өзбекстанның шекара қызметтерінің басшылары шекара қауіпсіздігін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Өткен жексембі күні Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерінің қолбасшысы Руслан Мырзаев мен Тәжік ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Раджабали Рахмонали тәжік-өзбек шекарасындағы «Дусти» өткізу пунктінде кездесті. Бұл туралы тәжік ақпарат құралдары Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара  әскерлеріне сілтеме жасап хабарлады, деп REGNUM жазады. Тараптар мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, сондай-ақ тату көршілік қатынастарды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясы 38 исламшылға үкім шығарды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Сауд Арабиясының терроризмге қарсы трибуналы 38 исламистке үкім шығарды, деп Reuters сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Эр-Риядтағы сот айыпталушыларды такфиршілдік пен терроризмді  қаржыландыруда  кінәлі деп тапты. Такфиршілдік   — исламдық адасушылық, оның жақтастары өздерін исламның кез-келген ағымының ізбасарларың  «кәпірлерді» деп атауға құқылы деп санайды. Сондай-ақ, сотталған исламистердің бірі «түрмеде террористік ұйым құрды» деп хабарланған .
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәлібтердің жоғары шенді қолбасшысы тұтқындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. 10 қарашада Ауғанстанның Кундуз провинциясы (провинциясының астанасы — Кундуз) губернаторының ресми өкілі провинцияда Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде Талибан қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  жоғары шенді командирі Абдул Басет  ұсталғанын мәлімдеді.Бұл туралы REGNUM хабарлайды. Ауғанстандық Bakhtar News Agency ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің тәлібтерді жою […]
    • 5 Years ago
    • 0