Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Үндістанның солтүстік-шығысында  болған жарылыс салдарынан полицейлер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Кем дегенде 4 полицей мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп India Today басылымына сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Қайғылы жағдай Манипур штатының Импхале қаласында болды. Хабарланғандай, сауда орындарының бірінде қолдан жасалған бомба іске қосылған. Жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілді. Полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алып, оны ұйымдастырған қылмыскерді іздестіріп жатыр. Айта кетейік, Манипурда […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомали содырлары ИМ жаңа басшысына ант етті

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Сомали аумағындағы радикалды исламдық лаңкестер ИГИЛ (ҚР оның қызметіне тыйым салынған ұйым) жаңа басшысына ант берді, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Лаңкестер өздерінің Telegram-арнасына «Ислам мемлекетінің» (ҚР оның қызметіне тыйым салынған ұйым)жаңа басшысы Әбу Ибрагим әл-Хашеми әл-Курайшиге ант берген  бейне жазбасын жүктеген. Бұған дейін хабарлағандай, 1 қараша күні АҚШ президенті […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Дакар ауданыңда жарылыс болып, 9 бала көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Ауғанстанның Тахар провинциясының Дакар ауданында жарылыс болып, тоғыз бала қаза тапты. Бұл туралы Анадолы агенттігі аталмыш елдің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды, деп ҚазАқпарат жазады.  Жолдың жиегіне орнатылған жарылыс құрылғысы сол маңнан оқушылар өтіп бара жатқан кезде іске қосылған. Салдарынан тоғыз бала мерт болып, тағы бірі жарақат алды. Жергілікті билік құрылғыны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚКҰ «Жусан» операциясына жоғары баға берді

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы Қазақстан жүргізген «Жусан» арнайы операциясына жоғары баға берді, деп хабарлайды Хабар 24. Оның нәтижесінде 600 азаматымыз отанына қайтарылған болатын. Сондай-ақ, жасақшылар қатарына жалдау және содырлар мен қаруды жеткізуге тосқауыл қоюға бағытталған бірлескен «Наемник» операциясының тиімділігін атап өткен. Бұл туралы Мәскеуде өткен халықаралық конференцияда Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының бас […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Әл-Багдадиді жою операциясының видеосы жарияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Пентагон «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) террористік тобының басшысы Әбу Бәкр әль-Багдадиді жою барысында түсірілген алғашқы фото және бейне жазбалары жариялады, деп  РИА Новости хабарлайды.  Қысқа бейне жазбада лаңкес паналаған ғимарат көрсетілген. Кадрларда ғимараттың екі жағын адамдар қоршап алғанын көруге болады. «Мұнда біз Багдади жасырынған нысанды көріп тұрмыз. Бұған дейін атап өткендей, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ФТБ жарты жыл ішінде бірқатар лаңкестік әрекеттердің алды алынғаны туралы мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Соңғы жарты жылда ФТБ АҚШ территориясы мен одан тыс жерлерде жоспарлаған лаңкестік шабуылдардың бірқатарын болдырмады, деп хабарлады сәрсенбі күні АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасында өткен тыңдауларда ФТБ директоры Кристофер Рэй, деп РИА Новости хабарлайды. «Соңғы алты-жеті айда ФТБ ішкі және халықаралық лаңкестікпен байланысты лаңкестік әрекеттердің алдын алды», — деді ФТБ директоры АҚШ Конгресінің Ұлттық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресей Тәжікстанға 5 млн доллардың қару-жарағы мен техникасын берді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Ресей Тәжікстанға қайтарымсыз жалпы құны 320 миллион рубль (5 млн доллар) болатын әскери техникалар мен қару-жарақтар берді, деп centralasian.org жазады.  Ресей Орталық әскер округының басшысы Александр Лапиннің айтуынша, тәжік армиясы радиолокациялық станцияға, заманауи әскери техникаларға ие болады. Әскери техникалар тәжік-ауған шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ресей басылымдарының жазуынша, 2017 жылы Ресей қорғаныс министрлігі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дональд Трамп Әбу Бакр әл-Бағдади ізбасарының көзі жойылғанын мәлім етті

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. АҚШ Президенті Дональд Трамп ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің жақын жақтасының көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап. «Жаңа ғана Америка әскерилері Әбу Бакр әл-Бағдадидің нөмір бірінші орынбасарының көзі жойылғанын растады. Ол жақында көсемінің орнын басар еді. Енді, ол да өлді!» — деп жазды Дональд […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Әскери қызметшілер Тәжікстандағы ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» оқу-жаттығуларына қатысады

    ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығулары Тәжікстанда «Харб-Майдон» полигонында өтуде. Бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысатын екінші кезең басталады. Қазақстаннан Құрлық әскерлерінің бөлімшелері, соның ішінде бітімгершілік ротасы, ӘҚК Әскери-әуе күштерінің барлығы 73 әскери қызметшісі, сондай-ақ орналасу әуеайлақтарынан оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын Су-30СМ жойғыш звеносы қатысады. Оқу-жаттығудың сценарийі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Данияда бипатрид-содырларын азаматтықтан айыру туралы заң қабылданды

    НҰР-СҰЛТАН,25 қазан.  24 қазанда Дания үкіметі ұсынған даниялық бипатрид-содырларын азаматтығынан айыру туралы заң жобасы Фольклетингпен қабылданды. Бұл заң тек Сирия мен Иракта ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жағында соғысқан содырларға қатысты болады, деп REGNUМ хабарлайды. Заңның қабылдануы Данияның интеграция және шетелдіктердің істері жөніндегі министр Маттиас Тесфайеге ресми түрде сот қарауынсыз исламистерді азаматтығынан айыру құқығы […]
    • 5 Years ago
    • 0