НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз.Сомалидегі «Аш-Шабаб» террористік ұйымына қарсы операцияда 25 мүшесінің өлтірілгені білдірілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сомали баспасөзінде шыққан хабарларда Төменгі Шабул аймағында «Аш-Шабаб» террористік ұйымына қарсы операция ұйымдастырылғаны бөлісілді. Армия жасақтары тарапынан ұйымдастырылған операцияда 25 ұйым мүшесінің өлтірілгені және 35 мүшесінің жараланғаны білдірілді. Хабарда ұйымның басшыларынан бірінің залалсыздандырылғаны хабарланды.