Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигериядағы қарулы шабуылда 23 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қараша.Нигерияның Эбоний және Замфара уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылда 23 адам  көз жұмды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Ұлттық баспасөздегі хабарларға қарағанда куәлігі белгісіз қарулы адамдар тарапынан Эбоний уәлаятына қарасты Охавку аймағында шабуыл жасалды. Шабуылда 7 адам қада тапты, көптеген үй тәркіленді. Қарулы адамдардың Замфара уәлаятының Риджия ауылында ұйымдастырған шабуылда болса 6 адам көз жұмды, көптеген […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ресей Сыртқы істер министрі Ресей мен Қазақстанның Ауғанстан бойынша ынтымақтастығы туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қараша. Ресей мен Қазақстан Ауғанстаннан келетін лаңкестік және есірткі қаупін жүйелі түрде бірлесіп талдайды, деп РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Біз бірге Ауғанстаннан келетін лаңкестік және есірткі қауіптерін жүйелі түрде талдаймыз. Біз осы елдің іс жүзіндегі билігімен ауғанаралық реттеу және ТМД-ның оңтүстік шекараларындағы көп қырлы сын-қатерлерді жою […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі армия жаттығу орталығында жарылыс кезінде екі сарбаз қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қараша. Жарылыс Бардера қаласындағы (Гедо провинциясы) Сомали үкіметі армиясының оқу-жаттығу орталығында болды. Бұл туралы Сомалидің Goobjoog News агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі сарбаз қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирак премьер-министріне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Ирак премьер-министріне қарулы әуе көлігімен шабуылы жасалды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымидің резиденциясына қарулы пилотсыз әуе көлігімен шабуыл жасалды. Ирак қауіпсіздік ақпарат көздері Казымидің жарақат алмай құтылғанын хабарлады. Ирак үкіметіне қарасты қауіпсіздік медиа желісінен жасалған мәлімдемеде Казымидің Бағдаттағы дипломатиялық «жасыл аймақтағы» резиденциясына «қарулы дронмен» шабуыл жасалғаны, премьер-министрдің шабуылдан жарақат алмай аман […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысындағы ИМ-нің 25 содыры  билікке берілді 

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Бүгін Жалалабад қаласында «Ислам мемлекеті» (ИМ)* радикалды тобының 25 содыры қаруларын тастап, билікке берілді. Бұл туралы Нангархар (Шығыс Ауғанстан) провинциясының барлау басқармасының басшысы Мохаммад Баширге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, бұл содырлар Спингхар, Пачирагам және Батикот аудандарында белсенділік танытқан. Қауіпсіздік күштері Нангархар провинциясы мен оның маңындағы аудандардағы жағдайды тұрақтандыру үшін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердегі лаңкестік шабуылда 69 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Нигердің Мали шекарасында ұйымдастырылған лаңкестік шабуылда 69 қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды. Мемлекеттік телеарнаға мәлімдеме жасаған Нигер Ішкі істер министрі Алкаче Альхада 2 қараша күні Тиллабери аймағындағы Адаб-Даб ауылына белгісіз қарулы топ тарапынан шабуыл жасағанын білдірді. Альхаданың айтуынша, шабуылда 69 адамның, соның ішінде ауылдың еншісіндегі Банибангу ауданының әкімі де қаза тапқан. Шабуылға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Хақас Республикасында терроризмге шақырған Өзбекстан азаматы 3 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Хақас Республикасында Орталық Азия аймағы елдерінен келгендер арасында лаңкестік идеологияны таратумен айналысқан Өзбекстан азаматына қатысты үкім шығарылды. Оның жоспары республикада Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған «Өзбекстан ислам қозғалысы*» лаңкестік ұйымының ұяшығын құру болды, деп «Экстремизму.нет» сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды Ресей Федерациясының аумағына кірген кезде ер адам […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы шабуылды ДАИШ мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қараша. Кабулдағы бомбалы шабуылды ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алды, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулдың Везир Акбар Хан аймағындағы Сердар Мұхаммед Давуд Хан ауруханасында кеше болған бомбалы шабуылды ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алды. ДАИШ террорлық ұйымы әлеуметтік желіден бес шабуылдаушымен ұйымдастырылған лаңкестікте Талибанның алдынғы қатарлы бір қолбасшысы да бар бір топ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде жыл басынан бері 200-ден астам ДАИШ содырлары залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Жылдың басынан бері ДАИШ-тік 236 террорист залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігі террормен күрестің үздіксіз жалғасқанын жариялады.Бұл туралы TRT агенттігі хабарлайды.  Түрік қарулы күштері (ТҚК) ағымдағы жылдың басынан бері Сирияның солтүстігінде ДАИШ-тік 236 террористтің залалсыздандырылғанын жариялады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде террор ұйымы ДАИШ-пен майданда бетпе-бет күрескен жалғыз армия болу ерекшелігіне ие ТҚК-нің Сирияның солтүстігінде әртүрлі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Австрияда 2020 жылғы Венадағы террорлық шабуыл құрбандарын еске алды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Сейсенбі күні Австрияда 2020 жылы Венадағы теракт құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Австриялықтар қала орталығындағы шабуылдың бір жылдығында қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ТАСС тілшісі  оқиға орнынан. Теракт болған ауданда орналасқан Рупрехткирхе шіркеуінде Австрияның жоғары саяси басшылығының қатысуымен ресми еске алу рәсімі өтті. Оған республика президенті Александер Ван […]
    • 3 Years ago
    • 0