НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек. Талибанның мәлімдемешісі Забихулла Муджахид Панджшер уалаяты бақылауға алынғаннан кейін аймақта тұрмыстың қалыпты жағдайға келгенін айтты, деп TRT хабарлайды. Ол Кабулдағы баспасөз мәслихатында «Панджшер бақылауға алынғаннан кейін елде соғыс ресми түрде аяқталды. Панджшер халқы басқа да Ауғанстан азаматтарымен тең құқықтарға ие. Ешқандай жікшілдік болмайды» деді. Муджахид қақтығыс кезінде аймақта ешбір мүлікке зиян тигізілмегенін, басшылардың […]