Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның Хасаке провинциясындағы «Әл-Хол» босқындар лагерінде үш адам өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде.  Хасаке провинциясында АҚШ күштері қолдаған «Касад» топтарының бақылауындағы «Әл-Хол» босқындар лагерінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды SANA жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Ақпарат көздері үш бейбіт тұрғынды, оның ішінде бір әйелді, бәсеңдеткіші бар тапаншамен атып өлтіргенін айтып, лагердегі бейберекетсіздік пен сенімсіздікке байланысты мұндай оқиғалар үнемі қайталанып отыратынын хабарлады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың қауіпсіздік қызметі Бағдадтың бір ауданында террористті  ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде.  Бағдаттағы жедел командалыққа сілтеме жасай отырып«Ас-Сомария Ньюс»ақпараттық агенттігі Ирак күштері ел астанасындағы Ар-Рашидия кварталында нақты барлау ақпараттарға негізделген қауіпсіздік жоспары аясында террористті ұстай алды деп хабарлады.Бұл туралы «SANA» агенттігі хабарлайды. Ұсталған адамның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, саперлер елордалық Аз-Зафарания кварталында қолдан жасалған жарылғыш затты залалсыздандырды. Бұған дейін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қамауда отырған Ставрополь тұрғыны  ИМ-не қосылғаны үшін 15 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде.  Ставрополь қаласының тұрғыны Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымына қосылғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Оңтүстік округтік әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Сотталушы сонымен қатар қамаудағы екі адамды ИМ қатарына қосылуға көндіруге тырысты.  «Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5 бабының 2 бөлімі және 205.1 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияда «Әл-каида» қаупі себепті террор сигналы берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде.  Әлеуметтік байланыс қосымшасы Telegram-да «Әл-Каидаға» тиесілі екені атап көрсетілген Ас-Сахаб арнасында 15 шілде күні жарияланған видеомен Францияға қоса президент Эммануэль Макрон мен Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің аттары аталып қорқыту жасалды, деп TRT хабарлайды. Ішкі істер министрлігі губернаторлықтарға жолдаған хатында олардан жаз бойы террористік актілерден сақ болуды сұрады. Министр Дарманин өзінің Твиттердегі аккаунтынан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның тәлібтер бақылауындағы аймағында содырлар жүзден астам бейбіт тұрғынды өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде.  Белгісіз содырлар Кандагар провинциясының Спин-Болдак аймағында «100-ден астам бейбіт тұрғынды» өлтірді деп бейсенбі күні бұл жағдаймен таныс ақпарат көздері хабарлады. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі бұл хабарламаны растап, бұл азаматтардың себепсіз өлтірілгендігін мәлімдеді. Ауғанстан үкіметі тәлібтерді бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыптады. «Аяусыз террористер өздерінің пенджабтық бастықтарының (Пәкістан) бұйрығымен Спин-Болдактың кейбір аудандарында жазықсыз ауғандықтардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҰҰ-ның арнайы өкілі мен РФ-ның СІМ басшысы Сириядағы жағдайды талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде.  Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен Мәскеуде кездесу өткізді, оның барысында Сириядағы қазіргі жағдайды егжей-тегжейлі талқылады. Бұл туралы Ресей СІМ баспасөз қызметінің сайтында хабарланды . Хабарламада айтылғандай, тараптар COVID-19 пандемиясының аясында елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, жан-жақты гуманитарлық реакцияның шұғыл міндеттеріне назар аударды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кремль: РФ «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығаруды жоспарламайды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Ресей «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізілімінен шығаруды әлі жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы жұма күні журналистерге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады Анадолу агенттігі.  «Әзірге бұл мәселеде ешқандай жаңалық жоқ. Өзгерістер болса, біз сіздерге хабарлап айтамыз», — деді ол журналистердің тиісті сұрағына жауап бере отырып. Песковтың пікірінше, «Талибан» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Конгода кем дегенде 16 бейбіт тұрғын «Демократиялық күштер альянсы» содырларының қолынан қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Солтүстік Киву провинциясындағы Бени қаласының маңында «Демократиялық күштер альянсының» (ДКА) содырлары кем дегенде 16 адамды өлтірді. Бұл туралы AFP агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Жергілікті билік шабуыл бейсенбі күні кешке бейбіт тұрғындар базардан қайтып келе жатқан кезде жасалды деп мәлімдеді. Қаза болғандардың арасында алты әйел, тоғыз ер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда соғыс аймағынан қайтарылған балаларды туыстарына беруге уақытша тыйым салынған

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде.  Иракта соғыс аймағынан әкелінген балаларға туыстарымен кездесуге уақытша тыйым салынды. Бұл жөнінде Тәжікстанның Балалар құқығы бойынша уәкілі Мижгоан Бобожонзода хабарлады, деп centralasian.org жазады.  Оның сөзінше, екі жыл бұрын әкелінген балалар мектеп-интернатта оқып жатыр. Бірақ олардың қашан туыстарына берілетіні белгісіз. «Қазір тиісті мекемелер бұл мәселені шешіп жатыр», — деді Мижгоан Бобожонзода. Құқық қорғаушы Үмүт Бобозода […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бағдаттағы жарылыс: 30 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде.  Ирактың бас қаласы Бағдатта бір халық базарында болған жарылыста 30 кісінің қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны хабарланд, деп TRT жазады.  Үкіметке қарасты денсаулық саласының хабарына қарағанда Бағдаттың шығысындағы Садр аймағындағы Әл-Вахилат халық базарында жарылыс болған. Құрбан айттың ғарасында адам өте көп барған базарда болған жарылыста 30 кісінің қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны […]
    • 3 Years ago
    • 0