НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне шабуыл жасағандар ауғанстандық ДАИШ (террорлық ұйым, Қазақстан мен Тәжікстан аумағында тыйым салынған) содырлары болып шықты. Олар лаңкестік жасауды жоспарлағандарын айтты, — деп РИА Новостиге сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. «3 қарашада 20 содыр Шаартуз шекаражасағынан Кубодиен аумағына өткен», — делінген Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік Мемкомитетінің шекара әскері басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында. Ұсталғандар Тәжікстанға нақты […]