НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым.Қазақстанның ішкі істер министрлігінде «жалған террористтер» туралы айтылды. Негізінен қылмыстарды жұмыссыз адамдар жасайды, деп ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Спартак Қабденов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. Бұл туралы BAQ.KZ агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат жолдау жай ғана бұзақылық емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет екенін азаматтардың естеріне […]