НҰР-СҰЛТАН, 27 қантар. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қарастырылды, деп «Ақорда» сайтында хабарланған. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта елдегі ахуал толығымен тұрақталғанын және құқықтық тәртіп қайта қалпына келгенін атап өтті. Тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр. […]