Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстанда ҰҚШҰ жаттығулары басталды

    ТАРАЗ, 26 қыркүйек. Жамбыл және Алматы облыстарында (Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында) 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді: «Өзара іс-қимыл- 2022», «Іздеу-2022», «  Эшелон -2022», — деп хабарлайды EADaily Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Таразда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ қоймасы табылды

    ТАРАЗ, 20 қыркүйек. Тараз қаласының шетінде қару-жарақ қоймасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Тараз қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты тапты. Табылған қаптан екі Калашников автоматы, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. 2022 жылғы 12-30 қыркүйек аралығында ҚР Авиация әкімшілігінің бұйрығымен ел әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп Zakon.kz-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Қазақстанның ірі әуе компаниясы жолаушыларға мәлімдеме жасады. «Air Astana жолаушыларды тексеру және тіркеу процедураларынан өту үшін Қазақстан әуежайларына алдын ала келуді сұрайды. Бұл 12-30 қыркүйек аралығында қазақстандық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ «Дәрмек» есірткіге қарсы операциясы туралы айтылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек. Еліміздің аумағында ішкі істер органдары кең ауқымды “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оның мақсаты – контрабандалық жолмен тасымалдау, бақылаудағы заттардың заңсыз айналымға кетуін анықтау және жолын кесу. Рейд барысында полицейлер есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңды айналым саласында пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдарды тексереді. Операция басталғаннан бері осы салада […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері есірткі жарнамалаған 1 600 сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз.  Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды. Әрине, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты оның орнына басқасы шығады. Сайттарды бұғаттау үшін арнайы құзырлы органдарға жібереміз, бұғатталады. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Елімізде есірткіге байланысты қылмыстар азайып жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Биыл қаңтар-шілде айларында республикада есірткіге байланысты 4,2 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 10,9% аз, деп  Zakon.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Мұндай құқық бұзушылықтардың бірден 67,9%-ы есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз айналысуға қатысты: 2,9 мың оқиға, жыл сайын 15,3% […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары қауіпсіздік мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушаев пен Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ташкентте кездесу өткізіп, Орталық Азия мен Қазақстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Бұл туралы  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Кездесу барысында Ресей мен Қазақстан арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты одақтас әрі стратегиялық әріптестік аясында одан әрі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Т. Нүсіпхан: Дерадикализация бағыты бойынша Түркияда өткен алғашқы халықаралық семинарымыздың берері көп болды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз.  – Тимур Нүсіпханұлы, жақында ғана «Нұр-Мүбәрак» университетінің бір топ оқытушылары болып Түркияға барып келдіңіздер. Түсінгенімізше, бұл сапарды өзіңіз басқарып отырған «Нұр-Мүбәрак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы ұйымдастырған секілді. Жалпы, Түркия сапарына тоқталмас бұрын, аз-кем орталығыңыз жайлы айта кетсеңіз. Яғни, бұл орталықтың ашылындағы мақсат не, орталық немен айналысады? – «Нұр-Мүбәрак» университетінің Діни […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндалды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне хабарлайды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ҰҚК құрылымы оңтайландырылып, бөлімшелердің қызметтері мен міндеттері нақтыланды. Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне жаңа тәсілдер енгізілді. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Беларусь Алматы және Жетісу облыстарында бірлескен оқу-жаттығулар өткізуде

    АЛМАТЫ, 09 тамыз. Тау даярлығы орталығында және «Көктал» оқу-жаттығу полигонында жоспарлы тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы ұйымдастырылды, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Қазақстан мен Беларусь Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері таулы-шөлді жерлердегі шартты заңсыз қарулы құрамаларды іздеу және оларды жою жөнінде бірлескен іс-қимылды пысықтауда. Қазақстанның Арнайы операциялар күштері таудағы нұсқаушылардың басшылығымен […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 2 of 72«12345 » 102030...Last »