Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Биыл терроризмге қатысы бар  31 шетелдік ұсталды – ҰҚК

    НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан.  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков 2019 жылы терроризм мен экстремизимге қатысы бар 31 шетелдіктің ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңірлік терроризмге қарсы құрылымның аясында тараптардың шекара қызметтері өзара байланыста әрекет етеді. Тұрақты түрде жыл сайын, әр тоқсан сайын осы қызметтердің сарапшылар тобы жиналып, қажетті шешімдер шығарады. Жылда ең […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға уақытша тыйым салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Елімізде снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Atameken Business. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгіннен бастап құрамында нормадан көп никотины бар кез-келген тауарды пайдалануға, таратуға уақытша шектеу қойылды. Оған себеп Солтүстік Қазақстанда болған жағдай. Ата-ана баласының аталмыш тауарға әуесқойлығын байқап, шағым түсірген. Айта кетсем, түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Кеше, 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыста биылғы жылдың жұмысы қорытындыланды. Террористік акцияларға жол бермеу бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткіні интернет арқылы сататындарға қатысты жаза қатайтылады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Интернет арқылы есірткі тарататындарға қатысты жаза күшейтілмек. Яғни 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын аса ауыр қылмыс санатына ауыстырылады. Бұл туралы Сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп 24.kz хабарлайды. Сенатта қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқын еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Бұл Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш  халық ретінде жариялаған — Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз әр отбасына мықты денсаулық, береке мен тұрақтылық тілейміз. Біздің ортақ үйімізде әрқашан бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік орнасын!
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды

     НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, еліміздің символы болып табылатын «Бәйтерек» монументінің басында үстіміздегі жылғы 27 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.   Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қасымов Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен қауіпсіздік мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Қалмұханбет Қасымов Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Дамир Сагынбаевпен кездесті, деп деп хабарлайды Ақорда . Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Қырғыз Республикасы Қаупсіздік Кеңесінің Хатшысы Дамир Сагынбаевтың төрағалығымен өткен келіссөздерге орталық мемлекеттік органдар басшылары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Терроризм қаупі»: Қазақстан қауіпсіз елдердің қатарына кіреді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша. Британдық экономика және бейбітшілік институтының сарапшылары жыл сайын жасалатын «Global Terrorism Index – 2019» рейтингін жасады, деп kazislam.kz жазады. Былтырғы жылмен салыстырғанда Қазақстан 10 пунктке көтеріліп, 160 мемлекеттің ішінде 85-ші орынды иеленді. Сарапшылар біздің еліміздегі лаңкестік қауіпінің өте төмен деңгейін атап өтті. Ең қауіпсіз елдердің қатарына Түрікменстан мен Беларусь кіреді. Олар және бірқатар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда жыл басынан бері 18 мыңға жуық заңсыз интернет-ресурстар анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 18 мыңға жуық заңсыз интернет-ресурстарды анықтады. Бұл туралы мекеме басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .  «Бұл экстремистік , порнографиялық материалдарды тарату,  зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттау, сондай-ақ есірткіге қатысты қылмыстар туралы», — деді министр сенат отырысында. 2019 жылдың он айында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 84 қылмыстық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ІІМ басшысы Интерпол президентімен кездесті

    АЛМАТЫ, 16 қараша. ІІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының президентімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерлан Тұрғымбаев пен Ким Чон Ян Қазақстан ІІМ мен Интерполдың арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге қарсы белсенді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қазақстанның […]
    • 5 Years ago
    • 0