Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сириядан оралғандардың хиқаялары –Анамды көруді армандадым

    НҰР-СҰЛТАН,08 маусым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Сириядағы ұрыс іс-қимылдар аймағынан 524 қазақстандыққа отанына оралуға  мүмкіндік берген  «Жусан» арнайы операциясы туралы деректі фильм көрсетілді.  Кадрларда қазіргі уақытта оңалтудан өтіп жатқан әйелдер мен балалар көрсетілген, деп Tengrinews.kz хабарлайды. «Жусан» гуманитарлық операциясы барысында 524 Қазақстан азаматы, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел адам мен 357 бала Сирия еліндегі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері 4 мыңға жуық есірткі жарнамалаған сайт жабылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08  маусым. 2019 жыл басталғалы еліміз бойынша есірткі жарнамалаған 3766 интернет ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биыл жалпы саны 3766 есірткі жарнамалаған сайт анықталып, жабылды. Одан бөлек, есірткі жарнамалаған 1100  граффити стиліндегі сурет табылды. Бүгінде олардың тізімі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберіліп бұғатталды. Ал суреттерді жою жұмысына жастар мен еріктілер тартылуда. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • «Құқықтық тәртіп «жедел алдын алу шарасы нәтижесінде Қазақстанда 45 кг жуық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Ағымдағы жылғы 1-5 маусым аралығында қоғамдық және жол қауіпсіздігін, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алып, жалпы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ел аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.  Оның ең басты міндеті – қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жол […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Абаев: Әлеуметтік желілер мониторингінің жаңа  жүйесі күзде таныстырылады

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желілер мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жоба ағымдағы жылы күзде таныстырылады. Бұл туралы “Zakon.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлады . Дәурен Абаев Сенат отырысында осы жобаны жүзеге асыруға ел бюджетінен 1,7 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Мұсылман болудан гөрі қазақ болу маңызды — Ерболат Баятұлы

    НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр. Жазушы және филология ғылымдарының кандидаты Ерболат Баятұлы ата-аналарды балалардың мешіттерде қандай идеяларды қабылдайтынын қадағалауға шақырды.  Бұл туралы ол ұлттық салт-дәстүр мен дін мәселелері жөніндегі конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол Қазақстанда ұлттық сәйкестікті сақтау шараларын қабылдауға шақырды. «Ұлттық идея ұлттық рухани құндылықтарға негізделген. Бұл әрбір қазақтың жүрегіне жақын, мақтаныш сезімін құрметтеп, ұлттық сипатты […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қостанай ауруханасындағы бомба туралы ақпарат жалған болып шықты

    ҚОСТАНАЙ, 27  мамыр.  Қостанай облысының полицейлері Жітіқара аудандық ауруханасының электрондық поштасына келген жарылғыш зат туралы хабарламаны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жітіқара аудандық полиция бөліміне сағат 10.20 шамасында аудандық аурухананың фельдшері қоңырау шалып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылған болуы мүмкіндігі туралы хабарлады.  Хабарламаны тексеру үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен мүдделі қызметтердің өкілдері жұмылдырылды. Адамдар оқшау […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қостанай ауруханасынан бомба туралы хаттан кейін науқастар эвакуацияланды

    ҚОСТАНАЙ, 27 мамыр.  Жарылғыш зат туралы электрондық поштаға келіп түскен хатқа байланысты Қостанай облысы Жітіқара аудандық ауруханасынан емделушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  «Жітіқара аудандық орталық ауруханасының электрондық поштасына ғимаратта жарылғыш зат қойылғаны туралы хат келді. Салдарынан 240 адам эвакуацияланды. Оның ішінде жансақтау бөліміндегі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шу алқабында қарасора өсіретіндерді ұстау үшін әуе техникасы қолданылмақ

    ТАРАЗ, 25 мамыр.  Жамбыл облыстық полиция департаменті «Көкнәр-2019» операциясына дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Есірткіге қарсы күрес — Жамбыл өңірі үшін аса өзекті, себебі облысымызда 140 мың гектар аумақты алып жатқан атақты Шу алқабы бар. Жыл сайынғы «Көкнәр-2019» операциясы құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктер қаптап шығып, пісіп-жетілген мезгілде, яғни маусымнан […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Тәжікістанда бірлескен тәжік-казақстандық терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті, деп жазады ТаджикТА. «Тәжікстан мен Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің терроризмге қарсы оқу-жаттығулары ағымдағы жылдың 13-17 мамыр аралығында Фахрабад әскери оқу-жаттығу полиганында өтті», — деп хабарлады Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Оқу-жаттығулардың алдында қазақстандық әскери делегация Фахрабад полигонындағы жағдайлармен танысты. Оқу-жаттығудың аңызы бойынша, полигонның оқу ғимараттарының бірің […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Қырғызстан барлау ақпараттарымен алмасып отырады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Қазақстан үкіметі Қырғызстанмен әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді мақұлданды, деп жазады ҚазТАГ . «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2018 жылдың 25 шілдесінде Бішкекте жасалған әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту», — деп бейсенбі күні ҚР Үкіметі ұсынған қаулысында айтылған. Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан өзара мүдделілікке байланысты өзекті мәселелер бойынша […]
    • 6 Years ago
    • 0